Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 509 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций"

Қаулы · № 80 · қабылданған 12.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2002-no-509-ekb-29600/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 509 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" Күшін жойған Қаулы ·№ 80 ·12.08.2006
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 509 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 80 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 509 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 509 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
80
Қабылданған күні
12.08.2006
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI29600_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004371_
ЭКБ идентификаторы
29600
Редакция идентификаторы
AI29600_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:00

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 24 наурыз - 6 сәуірде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3385 тіркелген 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
7-тармақта:
жетінші абзацындағы "аудиторлық есепті" деген сөздерден кейін "(еншілес ұйымдар болған жағдайда - есепті жылдың шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті)" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші-оныншы абзацтар алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерді және ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің
Төрағасы
2006 жылғы 16 тамыз

Қолданыстағы