О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2003 года N 488
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2003 года N 488
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1250
- Қабылданған күні
- 09.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2009 AI17751_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030001250_
- ЭКБ идентификаторы
- 17751
- Редакция идентификаторы
- AI17751_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:43
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 216-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қызамық";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында:
1) тармақшада "В" вирусты гепатиті" деген сөздерден кейін ", қызамық" деген сөзбен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулер жүргізу ережесіне қосымша:
мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:
"Қызамық";
"12-15 ай" деген жолдағы 19-баған "+" деген белгімен толықтырылсын;
"12 жас" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;
"____________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
_____________________________________________________________
15 жас (қыздар) +
_____________________________________________________________".