Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместное постановление и решение акимата Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 августа 2003 года №165 и №34-5 «О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан»

Қаулы · № 10-6 · қабылданған 01.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2003-no165-no34-5/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в совместное постановление и решение акимата Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 августа 2003 года №165 и №34-5 «О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 10-6 ·01.06.2017
01.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместное постановление и решение акимата Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 августа 2003 года №165 и №34-5 «О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 10-6 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместное постановление и решение акимата Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 августа 2003 года №165 и №34-5 «О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы №165 және №34-5 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10-6
Қабылданған күні
01.06.2017
Көрсетілген редакция
01.06.2017 113125_198803.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17Z0004828
ЭКБ идентификаторы
113125
Редакция идентификаторы
113125_198803
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:56

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2003 жылғы 23 тамыздағы №165 және №34-5
«Қазақстан Республикасы азаматтарының
жеке меншігінде болуы мүмкін жер
учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері
туралы» бірлескен қаулысына және
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы №165 және №34-5 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2294 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы»;
кіріспе бөлігі (кіріспесі) мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері төмендегідей көлемде белгіленсін:
1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын жерде 0,40 гектар және суармалы жерде 0,25 гектар;
2) облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,20 гектар және Орал қаласында 0,12 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,15 гектар.».

2

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы