О внесении изменений и дополнений в решение Таразского городского маслихата третьего созыва от 23 ноября 2004 года N 8-5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Таразского городского маслихата третьего созыва от 23 ноября 2004 года N 8-5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон"
- Атауы (қаз.)
- Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17-13
- Қабылданған күні
- 16.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2014 26089_190579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05GA000017
- ЭКБ идентификаторы
- 26089
- Редакция идентификаторы
- 26089_190579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:13
0 Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының негізінде, Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (N 1536 тіркелген, "Жамбыл-Тараз" газетінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 2 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармағындағы "20" саны "30" деген санға ауыстырылсын;
10 тармағы келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
10) халық банкі филиалдарында ашылған арызданушылардың жеке есеп шоттарының көшірмесі;
11, 13, 25 тармақтардағы "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген мекеменің атауы "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»деп ауыстырылсын;
17 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, тұрғын үй алаңының өтемдік қамсыздандыру өлшемінің қалпы үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік тұрғын жай берген пәтердің (үйдің) салыстырмалы қалыптық пайдалы алаңы қабылданған бірақ жеке тұрушы азамат үшін бір бөлмелі пәтерден кем емес қабылдансын. Бір пәтерде тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша жеке есеп шоттары бар бірнеше отбасы немесе азаматтар тұрған жағдайда, тұрғын жайдың қалыптық алаңы жеке тұрғын алаңынан кем болмауы тиіс;
23 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсететін жеткізушілердің есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын Халық банкінің филиалдарындағы жеке шотына аударады.