Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 июля 2004 года № 284-I "Об утверждении Правил по определению размера, режима пользования землями охранных зон и использования земель для нужд железнодорожного транспорта в полосе отвода"

Бұйрық · № 303 · қабылданған 24.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2004-no-284-i/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 июля 2004 года № 284-I "Об утверждении Правил по определению размера, режима пользования землями охранных зон и использования земель для нужд железнодорожного транспорта в полосе отвода" Қолданыста Бұйрық ·№ 303 ·24.04.2013
24.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 июля 2004 года № 284-I "Об утверждении Правил по определению размера, режима пользования землями охранных зон и использования земель для нужд железнодорожного транспорта в полосе отвода"

Қолданыста Бұйрық ·№ 303 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 июля 2004 года № 284-I "Об утверждении Правил по определению размера, режима пользования землями охранных зон и использования земель для нужд железнодорожного транспорта в полосе отвода"
Атауы (қаз.)
"Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
24.04.2013
Көрсетілген редакция
24.04.2013 AI73157_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008522
ЭКБ идентификаторы
73157
Редакция идентификаторы
AI73157_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:12

0

"Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылы 18 тамызда № 87 (711) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Инженерлік коммуникацияларды, жолөткелдерді, өтпелерді, байланыс, электр беру, мұнай-, газ құбырларын, сондай-ақ басқа темір жолдарды кесіп өтетін объектілерді немесе олардан тікелей жақын жерлерде орналасқан құрылыстарды бөлінген белдеу шектерінде орналастыру, салу және пайдалану шарттары мемлекеттік стандарттарға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес олардың иелері мен магистралдық темір жол желісінің операторы, тармақ иеленуші арасындағы шарттармен белгіленеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

2

2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице—министрі Р.В. Склярға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Өңірлік
даму министрі
__________ Б. Сағынтаев
2013 жылғы 28 мамыр

Қолданыстағы