О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 ноября 2004 года № 429а-I "Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих железнодорожные пассажирские перевозки по социально значимым межобластным сообщениям, убытки которых подлежат субсидированию из республиканского бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 ноября 2004 года № 429а-I "Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих железнодорожные пассажирские перевозки по социально значимым межобластным сообщениям, убытки которых подлежат субсидированию из республиканского бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 26.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2011 AI29227_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004335_
- ЭКБ идентификаторы
- 29227
- Редакция идентификаторы
- AI29227_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:04
0
"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1272 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1.»"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірмен тіркелген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І бұйрығымен енгізілген толықтырулармен бірге "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
4-баған»"саны" деген сөздің алдынан»"ең аз" деген сөздермен толықтырылсын:
көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
3.2.1-тармақ»"есеп" сөзі соңынан кейін»"және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымшаға Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастардың тізбесінде:
4-баған»"Құрамдылығы" деген сөздің алдынан»"Ең аз" деген сөздермен толықтырылсын.