О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2004 года № 460 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2004 года № 460 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 815
- Қабылданған күні
- 09.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2016 AI73974_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000815
- ЭКБ идентификаторы
- 73974
- Редакция идентификаторы
- AI73974_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:32
0 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 239-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровқа жүктелсін.».