О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 февраля 2004 года № 91 "Об утверждении Правил регистрации оригинаторов сортов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 февраля 2004 года № 91 "Об утверждении Правил регистрации оригинаторов сортов"
- Атауы (қаз.)
- "Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15-07/222
- Қабылданған күні
- 13.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2013 AI73135_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008492
- ЭКБ идентификаторы
- 73135
- Редакция идентификаторы
- AI73135_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:06
0 "Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 91 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2746 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 25-28, 368-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібін айқындайды.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін;»;
Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесіне өтініш осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С. Хасенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 ӨТIНIШ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 13 мамырдағы
№ 15-07/222 бұйрығына
қосымша
Сорттар оригинаторларын
тіркеу ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және бар болған жағдайда әкесiнiң аты, заңды
тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сорт көрсетiлсiн)
сорт оригинаторы деп тiркеудi сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың деректері______________________________________________
______________________________________________________________
(№, кiм және қашан берілді)
2. Мекенжайы: _______________________________________________
______________________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң №, телефоны, факсы)
3. Банктік деректемелер______________________________________
___________________________________________________________________
(ЖСН (БСН), МФО, шот №, банктiң атауы және тұрған жерi)
4. Қоса берiлiп отырған құжаттар:___________________________
__________________________________________________________________
(Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесінiң 5-тармағына сәйкес)
Басшы _________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты және әкесiнiң аты болған жағдайда)
Мөр орны
20__ жылғы «___» _________________
Өтiнiш қарастыруға 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды.
__________________________________________________________________
(өтiнiш қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесiнiң аты
болған жағдайда, қолы)