О внесении изменений и дополнений в решение от 23 сентября 2005 года № 227 "О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам за пределы территории Костанайской области по Республике Казахстан, направленным на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение от 23 сентября 2005 года № 227 "О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам за пределы территории Костанайской области по Республике Казахстан, направленным на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения"
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешімге өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 11.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2012 41152_201573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08N0003647
- ЭКБ идентификаторы
- 41152
- Редакция идентификаторы
- 41152_201573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:07
0
2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешімге өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешімге (Мемлекеттік тіркелім тізіліміндегі 2005 жылғы 11 қазандағы нөмірі 3510, "Костанайские новости" 2005 жылғы 18 қазандағы № 144, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 18 қазандағы № 123) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"1. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емдеуге жіберілген Қазақстан Республикасынық азаматтарына, оралмандарға, босқын дәрежесі бар тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұрғылықты бар және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтықтары жоқ тұлғалар мен шетелдіктер үшін, егер отбасының (азаматтық) орташа айлық табысының жиынтығы белгіленген кедейшілік шегінен төмен болса, тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету түрінде (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек белгіленсін.
Әлеуметтік көмектің осы түріне құқығы бар отбасының (азаматтың) табысына қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссияның шешімі бойынша".