О внесении изменений и дополнений в постановление от 23 марта 2005 года № 306 "Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление от 23 марта 2005 года № 306 "Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку"
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылғы 23 наурыздағы № 306 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 13.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2013 44143_195476.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NA000119
- ЭКБ идентификаторы
- 44143
- Редакция идентификаторы
- 44143_195476
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:02
0 2005 жылғы 23 наурыздағы № 306 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2005 жылғы 23 наурыздағы № 306 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" (2005 жылғы 27 сәуірдегі 9-1-4 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 12 мамырдағы № 51 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығына :
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті Уәкілетті орган көрсетеді және айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы бар жұмыссыздарға төленеді.";
8-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын анықтамасы;";
8-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
"8) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
9) өтініш берушінің жұмысқа жарамды барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер";
13-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тамақтануға - айына, тиісті жлға рспубликалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт алық есептік көрсеткіші;".