О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года N 217 "Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года N 217 "Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 26.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2009 AI40772_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005258_
- ЭКБ идентификаторы
- 40772
- Редакция идентификаторы
- AI40772_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:25
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1007) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 78 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4666 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесінде:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби жарналар туралы шарттың көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын.";
3-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға берілген құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнін көрсетіп анықтаманы және өзге құжатты береді.";
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште көрсетілген салымшының (алушының) ӘБК жөнелтуші қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасындағы ӘБК сәйкес келмесе;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті берген сәтте салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе не оны берген күн көрсетілмесе;".