Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"

Қаулы · № 206 · қабылданған 16.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2006-no-215-ekb-34996/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам" Күшін жойған Қаулы ·№ 206 ·16.07.2007
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 206 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
206
Қабылданған күні
16.07.2007
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI34996_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004893_
ЭКБ идентификаторы
34996
Редакция идентификаторы
AI34996_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:19

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4444 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1181) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында және 1-тармақта "Екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспеде "32-бабының 4-тармағын" деген сөздер мен цифрлар "39-бабының 2-тармағын" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген ЕкіншІ деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесінде:
атауындағы "Екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспеде:
"32-бабының 4" деген сөздер мен цифрлар "39-бабының 2" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
"екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздерден кейін "және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
2) тармақша "заеммен байланысы бар депозит -" деген сөздерден кейін "заемшының атына ашылған және" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қызмет - банктердің банктік заем операцияларын және (немесе) депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыруы;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) заем - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі.";
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктер тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін басқа сыйақы мөлшерлемелерімен шрифті ресімдеу нысаны, көлемі және стилі (курсив, жартылай қара әріппен жазылған, түспен бөлініп көрсетілген, мөлшері) бойынша бірдей бірыңғай форматта көрсетеді:";
4-тармақтың алтыншы абзацындағы "банктік" деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Клиент төлемдерінің жалпы сомасына банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген заемдар бойынша сыйақы сомасын қоспағанда, осы заемдарға қызмет ету бойынша қызметті ұсынатын банктің комиссиясы кіреді.";
10-тармақтың үшінші абзацындағы "қолданыстағы шарт бойынша" деген сөздерден кейін "шартқа өзгерістер енгізген жағдайда, оның ішінде клиенттің өтініші бойынша, банк өзгерістерді енгізгенде шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуді көздеуі тиіс.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде жылдық тиімді мөлшерлеме кредиттік желіні ашу туралы келісімде және осы келісім аясында жасалған әр шартта белгіленген талаптар негізінде көрсетіледі.";
12-тармақ:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кредиттік желі туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер жоқ болған жағдайда, банк оны келісім аясында жасалған шарттарда көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде мынадай талаптар ескеріледі:
1) егер шартта депозитті қайтарудың мерзімі белгіленбеген болса, депозит шартты жасасқан сәттен бастап бір жыл мерзімге енгізілген деп есептеледі;
2) егер шарт талаптарында депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоқ болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссияларын ескеріп есептеледі, және шартта көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты әр таратуда міндетті түрде осы қызметтерді (комиссиялар мен кепіл түрлері) ұсынудың талаптары болуы тиіс.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы