О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 26.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2012 AI40774_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005261_
- ЭКБ идентификаторы
- 40774
- Редакция идентификаторы
- AI40774_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:25
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі -Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4444 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1007) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 206 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4893 тіркелген) енгізілген толықтырулар мен өзгеріспен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесінде:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қызмет - банктердің банк салымының шартымен ресімделген депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды және банктік заем операцияларын жүзеге асыруы";
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"клиенттермен жасалған шарттарда банктің сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген сол сөйлемде";
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Банктік заемдарға қызмет көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдаланатын банктік шоттарды ашу және жүргізу үшін комиссия жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілмейді.
Қызметтерді көрсету шартымен көзделген комиссия және қызметтерді көрсету шартына қол қою күніндегі белгісіз өндіріп алу фактісі нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескеріледі.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жағдайда берілген заем бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қосымша келісім жасалған кезде клиент төлеуге тиісті кредиттеудің және комиссияның қалған мерзімі негізгі қарыз қалдығы немесе кредиттік желі бойынша кредиттеу лимиті негізінде есептелу тиіс.";
12-тармақта:
бірінші абзацта "Кредиттік желі бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақшасы "оны" деген сөзден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшасы "егер" деген сөзден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімде немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
3) және 4) тармақша "онда ол" деген сөздерден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "Кредиттік желі туралы" деген сөздер "кредиттік желіні ашу туралы барлық" деген сөздермен ауыстырылсын.