Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 185 «Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета»

Бұйрық · № 533 · қабылданған 06.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2007-no-185-ekb-228599/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 185 «Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета» Күшіне енбеген 06.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 185 «Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета»

Күшіне енбеген Бұйрық № 533 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 185 «Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета»
Атауы (қаз.)
«Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
533
Қабылданған күні
06.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2027
Көрсетілген редакция
06.08.2026 228599_840555.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E0000533
ЭКБ идентификаторы
228599
Редакция идентификаторы
228599_840555
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:13
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 01.01.2027.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілінде «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы «__» _______
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы
23 мамырдағы
№ 185 бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Үлгілік жоспар

2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.

3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.

4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.

3-тарау. Үлгілік жоспардың бөлімдері

5. Үлгілік жоспар мынадай:

1 - бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»;
2 - бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»;
3 - бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4 - бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
5 - бөлім – «Капитал мен резервтер»;
6 - бөлім – «Кірістер»;
7 - бөлім – «Шығыстар»;
8 - бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімдерін қамтиды.

4-тарау. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары

6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.

7. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.

1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 – «Ақша қаражаты»;
1100 – «Қысқа мерзімді қаржылық активтер»;
1200 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1300 – «Қорлар»;
1400 – «Ағымдағы салық активтері»;
1500 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»;
1600 – «Биологиялық активтер»;
1700 – «Өзге қысқа мерзімді активтер».

8. 1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 – «Корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаты», онда корреспонденттік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – «Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты», онда кассадағы, ағымдағы, корреспонденттік және жинақ шоттарындағы пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты есепке алынады;
1070 – «Цифрлық теңге және электрондық ақша қаражаты», онда жүйеде цифрлық теңге және электрондық ақша қаражаты есепке алынады;
1080 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;
1090 – «Ақша қаражатының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда ақша қаражатының құнсыздануынан күтілетін кредиттік залалдарға бағалау резервтері есепке алынады.

9. 1100 – «Қысқа мерзімді қаржылық активтер» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 – «Қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1120 – «Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер;
1130 – «Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1140 – «Туынды қаржы құралдар», онда туынды қаржы құралдар, онын ішінде енгізілген, есепке алынады;
1150 – «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы, инвестициялары сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1160 – «Өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер есепке алынады;
1170 – «Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

10. 1200 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1210 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 – «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар мен еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 – «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1280 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

11. 1300 – «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 – «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттары мен материалдар есепке алынады;
1320 – «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 – «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 – «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 – «Қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резерві», онда қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1370 – «Қорларды қайтару құқығы бар актив», онда күтілетін қайтарулар бөлігінде қорлардың өзіндік құны есепке алынады.

12. 1400 – «Ағымдағы салық активтері» кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1410 – «Корпоративтік табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпоративтік табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпоративтік табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 – «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге және (немесе) есепке алуға жататын өзге де салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.

13. 1500 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі, егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1510 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт;
1530 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

14. 1600 – «Биологиялық активтер» кіші бөлімі ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1610 – «Өсімдіктер»;
1620 – «Жануарлар»;
1630 – «Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

15. 1700 – «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1710 – «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайындығы бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1720 – «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
1730 – «Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер», онда клиенттермен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер есепке алынады;
1740 – «Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1750 – «Өзге қысқа мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

5-тарау. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары

16. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымдардың ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2100 – «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
2200 – «Инвестициялар»;
2300 – «Инвестициялық мүлік»;
2400 – «Негізгі құралдар»;
2500 – «Биологиялық активтер»;
2600 – «Барлау және бағалау активтері»;
2700 – «Материалдық емес активтер»;
2800 – «Кейінге қалдырылған салықтық активтер»;
2900 – «Өзге ұзақ мерзімді активтер».

17. 2000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық активтер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді қаржылық активтерді (үлестік қатысу әдісімен және бастапқы құны бойынша есептелетін инвестицияларды қоспағанда) және ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2010 – «Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2020 – «Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2030 – «Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2040 – «Туынды қаржы құралдар», онда туынды қаржы құралдар, оның ішінде қондырылған, есепке алынады;
2050 – «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
2060 – «Үлескерлік құралдар», онда басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған үлескерлік құралдар және пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған үлескерлік құралдар есепке алынады;
2070 – «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржылық активтер есепке алынады;
2080 – «Ұзақ мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда ұзақ мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын күтіліп отырған кредиттік залалдарды бағалау резервтері есепке алынады.

18. 2100 – «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2110 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
2120 – «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
2150 – «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
2160 – «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда қаржылық жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;
2170 – «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша ұзақ мерзімді берешек;
2180 – «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болған залалға арналған бағалау резервтері», онда ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

19. 2200 – «Инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен және бастапқы құнымен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға арналған.

2210 – «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар», онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын үлескерлік құралдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі;
2220 – «Бастапқы құны бойынша есепке алынатын инвестициялар», онда бастапқы құны бойынша есепке алынатын үлестік құралдардағы инвестициялар жөніндегі операциялар көрсетіледі;
2230 – «Инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

20. 2300 – «Инвестициялық мүлік» кіші бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2310 – «Инвестициялық мүлік», онда инвестициялық мүлік есепке алынады;
2320 – «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясы», онда инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2330 – «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда инвестициялық мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады.

21. 2400 – «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 – «Негізгі құралдар», онда негізгі құралдар есепке алынады;
2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы», онда негізгі құралдар амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2430 – «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2440 – «Активтерді пайдалану құқығы», онда негізгі құралды тану өлшемшарттарын қанағаттандыратын жалдау активтерін пайдалану құқығының құны көрсетіледі.
2450 – «Активтерді пайдалану құқығының амортизациясы», онда активтерді пайдалану құқығы амортизациясының құны шоғырландырылған;
2460 – «Активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

22. 2500 – «Биологиялық активтер» кіші бөлімі ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2510 – «Өсімдіктер»;
2520 – «Жануарлар»;
2530 – «Биологиялық активтердің амортизациясы», онда егер олардың әділ құнды бағалауға жатпаған жағдайда биологиялық активтердің амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2540 – «Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

23. 2600 – «Барлау және бағалау активтері» кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2610 – «Барлау және бағалау активтері», онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.
2620 – «Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы», онда барлау және бағалау активтері амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2630 – «Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві», онда барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады.

24. 2700 – «Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2710 – «Гудвилл», онда инвестициялық бабының бөлігі ретінде гудвиллдің болуына және қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
2720 – «Гудвиллдің құнсыздануы», онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан тұрақты жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – «Өзге материалдық емес активтер», онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;
титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;
лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;
әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер;
2740 – «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», онда материалдық емес активтер амортизациясының сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 – «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады;
2760 – «Активтерді пайдалану құқығы», онда негізгі құралды тану өлшемшарттарын қанағаттандыратын жалдау активтерін пайдалану құқығының құны көрсетіледі.
2770 – «Активтерді пайдалану құқығының амортизациясы», онда активтерді пайдалану құқығы амортизациясының құны шоғырландырылған;
2780 – «Активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.

25. 2800 – «Кейінге қалдырылған салықтық активтер» кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

2810 – «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер», онда мыналарға:
шегерілетін мезгілдік айырмаға,
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге байланысты алдағы кезеңдерде өтеуге жататын пайдаға арналған салық сомасы есепке алынады.

26. 2900 – «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2910 – «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», мұнда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 – «Алдағы кезеңдердің шығыстары», мұнда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;
2930 – «Аяқталмаған құрылыс», мұнда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:
негізгі құралдарды салуға байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
2940 – «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша активтер есепке алынады;
2950 – «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2960 – «Шарттар бойынша шығындар», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша шығындар есепке алынады;
2970 – «Шарттар бойынша шығындар амортизациясы», мұнда шарттар бойынша шығындар амортизациясының сомасы есепке алынады;
2980 – «Шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві», мұнда шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2990 – «Өзге ұзақ мерзімді активтер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.

6-тарау. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары

27. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.

3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 – «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3200 – «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3400 – «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;
3500 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».

28. 3000 – «Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3010 – «Амортизациялық құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
3020 – «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
3030 – «Туынды қаржы құралдары», мұнда туынды қаржы құралдары, оның ішінде кіріктірілген құралдар есепке алынады;
3040 – «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар қатысушы заңды тұлғаларға акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрсетіледі;
3050 – «Төлемге қысқа мерзімді сыйақылар», мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлемге қысқа мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
3060 – «Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі есепке алынады;
3070 – «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі есепке алынады;
3080 – «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.

29. 3100 – «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу бойынша міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – «Төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы», мұнда төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы есепке алынады;
3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдары салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлік салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі.

30. 3200 – «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі салықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуі тиіс міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемақылар бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3240 – «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3250 «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша міндеттемелер», онда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге және төлеуге байланысты операциялар көрсетіледі.

31. 3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3310 – «Өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен алынған қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және өнім берушілер мен мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3320 – «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және алынған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
3330 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтер және алынған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3340 – «Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
3350 – «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төленуі тиіс қызметкерлерге сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдармен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3370 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3380 – «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

32. 3400 – «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде айқындалған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3410 – «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрсетіледі;
3420 – «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынымдары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрсетіледі;
3430 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге күтілетін шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлықақы төлеуге күтілетін шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрсетіледі;
3440 – «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда шоттардың алдыңғы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

33. 3500 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3510 – «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізуге, қызметтер көрсетуге, сондай-ақ тапсырысшылар үшін ішінара дайындалып өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
3520 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрсетіледі;
3530 – «Сатуға арналған шығаруға топ міндеттемелері», мұнда сатуға арналған шығаруға топ міндеттемелері көрсетіледі;
3540 – «Шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады;
3550 – «Аралас қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы», мұнда біріктірілген қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы есепке алынады;
3560 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

7-тарау. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары

34. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.

4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
4000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
4100 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;
4200 – «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»;
4300 – «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер»;
4400 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер».

35. 4000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4010 – «Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
4020 – «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
4030 – «Туынды қаржы құралдары», мұнда туынды қаржы құралдары, оның ішінде кіріктірілген қаржы құралдары есепке алынады;
4040 – «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрсетіледі;
4050 – «Төлемге ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда қаржылық жалға алу, алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар мен сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де төлемге ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
4060 – «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.

36. 4100 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4110 – «Өнім берушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша операциялар және өнім берушілер мен мердігерлерге өзге ұзақ мерзімді берешек көрсетіледі;
4120 – «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
4140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
4150 – «Жалға алу бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен қаржылық және операциялық алу бойынша жалға алу міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
4160 – «Өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

37. 4200 – «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 – «Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері», мұнда бір жылдан астам кепілдік мерзімімен өткізілген өнім бойынша кепілдік міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
4220 – «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қарау мерзімі бір жылдан асатын сот қуынымдары және өзге де заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
4230 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін төлеуге жататын ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қызметкерлерге сыйақы төлеуге және пайдаға қатысуға және сыйлықақы төлеуге күтілетін шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрсетіледі;
4240 – «Өзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

38. 4300 – «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» кіші бөлімі кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

4310 – «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер», мұнда салық салынатын уақыт айырмасына байланысты алдағы кезеңдерде төленуі тиіс пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.

39. 4400 – «Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 – «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету үшін, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге де алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
4420 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы есепті кезеңде алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын кірістер көрсетіледі;
4430 – «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
4440 – «Аралас ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы», мұнда біріктірілген ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы есепке алынады;
4450 – «Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

8-тарау. 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары

40. 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.

5 «Капитал мен резервтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 – «Жарғылық капитал»;
5100 – «Төленбеген капитал»;
5200 – «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар»;
5300 – «Эмиссиялық кіріс»;
5400 – «Қосымша төленген капитал»;
5500 – «Резервтер»;
5600 – «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)»;
5700 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».

41. 5000 – «Жарғылық капитал» кіші бөлімі ұйымдардың шығарылған капиталын, жарғылық капиталын немесе мүліктік (пай) қорын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 – «Артықшылықты акциялар», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты номиналды құны есепке алынады;
5020 – «Қарапайым акциялар», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым акцияларының жиынтық номиналды құны есепке алынады;
5030 – «Салымдар мен пай», мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.

42. 5100 – «Төленбеген капитал» кіші бөлімі ұйымдардың төленбеген капиталын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

5110 – «Төленбеген капитал», мұнда эмиссияланған акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссияланған акцияларын төлеу бойынша берешегі және ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу бойынша құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.

43. 5200 – «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлестік құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

5210 – «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар», мұнда меншікті үлестік құралдарды сатып алу нәтижесіндегі өз капиталындағы өзгерістер көрсетіледі.

44. 5300 – «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

5310 – «Эмиссиялық кіріс», мұнда шығарылған меншікті үлестік құралдар бойынша эмиссиялық кіріс есепке алынады.

45. 5400 – «Қосымша төленген капитал» кіші бөлімі қосымша төленген капиталды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5410 – «Негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал», мұнда негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал есепке алынады;
5420 – «Өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал», мұнда өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал есепке алынады.

46. 5500 – «Резервтер» кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есептік саясатына сәйкес капитал шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5520 – «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», мұнда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5530 – «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5540 – «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық активтер бойынша қайта бағалау есепке алынады;
5550 – «Қаржылық активтер бойынша залалға арналған резерв», мұнда қаржылық активтер бойынша күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
5560 – «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», мұнда мәні бойынша ұйымның шетелдік ұйымға таза инвестицияларының бір бөлігін құрайтын және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция шығарылғанға дейін жеке капитал ретінде жіктелетін, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылатын монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалар көрсетіледі;
5570 – «Өзге резервтер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.

47. 5600 – «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5610 – «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», мұнда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы немесе залалы көрсетіледі;
5620 – «Алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», мұнда алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы немесе залалы көрсетіледі.

48. 5700 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» кіші бөлімі есепті кезең үшін ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды.

5710 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)», мұнда есепті кезең ішіндегі ұйымның қорытынды пайдасы (қорытынды залалы) көрсетіледі, сондай-ақ есепті кезеңдегі түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады.

9-тарау. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары

49. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

6 «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 – «Операциялық кірістер»;
6100 – «Өзге де операциялық кірістер»;
6200 – «Инвестициялық қызметтен түсетін кірістер»;
6300 – «Қаржылық қызметтен түсетін кірістер»;
6400 – «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.

50. 6000 «Операциялық кірістер» кіші бөлімі операциялық кірістерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 – «Өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», мұнда өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6020 – «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 – «Бағадан және сатудан жеңілдіктер», мұнда бағадан немесе сатудан жеңілдік ұсынумен байланысты операциялар көрсетіледі.

51. 6100 – «Өзге де операциялық кірістер» кіші бөлімі.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 – «Активтердің шығуынан түсетін кірістер», мұнда инвестициялық және қаржылық қызметпен байланысты емес активтердің шығуынан кірістер алумен операциялар көрсетіледі;
6120 – «Өтеусіз алынған активтерден түсетін кірістер», мұнда инвестициялық және қаржылық қызметке байланысты емес активтерді өтеусіз алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 – «Операциялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер», мұнда операциялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 – «Қаржылық емес активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер көрсетіледі;
6150 – «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», мұнда мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер көрсетіледі;
6160 - «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», мұнда операциялық жалдаудан түсетін кірістер көрсетіледі;
6170 – «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер көрсетіледі;
6180 – «Дебиторлық берешектің құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», мұнда дебиторлық берешектің құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер көрсетіледі;
6190 - «Өзге кірістер», өзге кірістерді есепке алуға арналған.

52. 6200 «Инвестициялық қызметтен түсетін кірістер» кіші бөлімі.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 – «Сыйақылар бойынша кірістер», мұнда қаржылық активтер, мысалы депозиттер, берілген қарыздар бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 – «Дивидендтер бойынша кірістер», мұнда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 – «Инвестициялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер», мұнда инвестициялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлікпен операциялардан түсетін кірістер» мұнда инвестициялық жылжымайтын мүліктен кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6250 – «Қаржылық активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер», мұнда операциялық және қаржылық қызметке байланысты емес қаржылық активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер көрсетіледі;
6260 - «Қаржылық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда операциялық және қаржылық қызметпен байланысты емес қаржылық активтердің әділ құнының өзгеруінен түсетін кірістер көрсетіледі;
6270 - «Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», мұнда қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың пайда үлесін алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6280 - «Қаржылық жалдаудан түсетін кірістер», мұнда қаржылық жалдаудан түсетін кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6290 - «Инвестициялармен және қаржы активтерімен жасалатын өзге де операциялардан түсетін кірістер», мұнда операциялық және қаржылық қызметпен байланысты емес инвестициялармен және қаржы активтерімен өзге операциялардан, оның ішінде қаржылық активтерді түрлендіруден түскен кірістер көрсетіледі.

53. 6300 – «Қаржылық қызметтен түсетін кірістер» кіші бөлімі.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6310 - «Қаржылық міндеттемелердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда қаржылық міндеттемелердің діл құнын өзгертуден түсетін кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6320 – «Қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден кірістер», онда қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6330 - «Қаржылық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер», мұнда қаржылық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
6340 - «Қаржылық міндеттемелер бойынша қаржыландырудан түсетін өзге де кірістер», қаржылық міндеттемелер бойынша қаржыландырудан түсетін өзге де кірістерді есепке алуға арналған.

54. 6400 «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

6410 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер», мұнда тоқтатылатын қызметке байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтерден немесе есеп айырысулардан кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі.

10-тарау. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары

55. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

7 «Шығыстар» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
7000 – «Операциялық шығыстар»;
7100 – «Өзге де операциялық шығыстар»;
7200 – «Инвестициялық қызмет бойынша шығыстар»;
7300 - «Қаржылық қызмет бойынша шығыстар»;
7400 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар»;
7500 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.

56. 7000 - «Операциялық шығыстар» кіші бөлімі операциялық шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7010 – «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», мұнда өткізілген өнімнің, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынады;
7020 – «Өнімдерді өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», мұнда өнімдерді өткізумен және өнімді өткізу бойынша қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады;
7030 – «Әкімшілік шығыстар», мұнда өндірістік үдеріспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары есепке алынады.

57. 7100 «Өзге де операциялық шығыстар» кіші бөлімі өзге де операциялық шығыстарды көрсетуге арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7110 – «Активтердің шығуынан шығыстар», мұнда негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді (инвестициялық және қаржылық қызметке байланысты шығыстарды қоспағанда) өткізу, өтеусіз беру немесе есептен шығару бойынша шығыстар, бөлшектеу бойынша шығыстар есепке алынады;
7120 – «Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған шығыстар есепке алынады;
7130 – «Операциялық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар» мұнда операциялық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар көрсетіледі;
7140 - «Дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік залалдар бойынша шығыстар», мұнда дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік залалдар бойынша шығыстар есепке алынады;
7150 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», мұнда операциялық жалдау бойынша шығыстар есепке алынады;
7160 - «Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар», мұнда биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар есепке алынады;
7170 - «Өзге де шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де шығыстар есепке алынады.

58. 7200 «Инвестициялық қызмет бойынша шығыстар» кіші бөлімі инвестициялық қызмет бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7210 - «Қаржы құралдарының әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар», мұнда қаржы құралдарының әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар (инвестициялық және қаржылық қызметке байланысты шығыстарды қоспағанда) есепке алынады;
7220 - «Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар», мұнда қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар есепке алынады;
7230 - «Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан болатын шығыстар», мұнда инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан болатын шығыстар есепке алынады;
7240 - «Инвестициялық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар», мұнда инвестициялық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар есепке алынады;
7250 - «Бірлескен және қауымдасқан ұйымдардың залалдағы үлесі», мұнда бірлескен және қауымдасқан ұйымдардың залалдағы үлесі есепке алынады;
7260 - «Инвестициялар мен қаржылық активтердің шығуынан болатын шығыстар», мұнда инвестициялар мен қаржылық активтердің шығуынан болатын шығыстар есепке алынады;
7270 - «Өзге де шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де шығыстар, оның ішінде қаржылық активтерді түрлендіруден шығыстар есепке алынады.

59. 7300 – «Қаржылық қызмет бойынша шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7310 – «Сыйақылар бойынша шығыстар», мұнда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7320 – «Қаржылық жалдау бойынша шығыстар», мұнда қаржылық жалға алынған активтер, мысалы негізгі құралдар бойынша шығыстар көрсетіледі;
7330 – «Қаржылық міндеттемелердің әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар», мұнда қаржылық міндеттемелердің әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар көрсетіледі;
7340 - «Қаржылық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар», мұнда қаржылық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар есепке алынады;
7350 – «Қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден шығыстар», мұнда қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден шығыстар көрсетіледі;
7360 – «Қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар», мұнда қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар есепке алынады.

60. 7400 «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

7410 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар», мұнда тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар есепке алынады.

61. 7500 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпоративтік табыс салығымен байланысты шығыстарды көрсетуге арналған және мынадай шотты қамтиды:

7510 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар», мұнда корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар есепке алынады.

11-тарау. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары

62. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 – «Негізгі өндіріс»;
8200 – «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары»;
8300 – «Қосалқы өндірістер»;
8400 – «Жүкқұжат шығыстары».

63. 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8110 – «Негізгі өндіріс», мұнда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығысы, тікелей негізгі өндірістегі қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан аударымдар, негізгі өндіріске жатқызылған жүкқұжат шығыстар есепке алынады.

64. 8200 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» кіші бөлімі өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8210 – «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары», мұнда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар есепке алынады.

65. 8300 – «Қосалқы өндірістер» қосалқы өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8310 – «Қосалқы өндірістер», мұнда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты қосалқы болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.

66. 8400 – «Жүкқұжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8410 – «Жүкқұжат шығыстары», мұнда негізгі және қосалқы өндірістер, сондай-ақ өз өндірісінің жартылай фабрикаттары бойынша жүкқұжаттар шығыстары көрсетіледі.

1.1 Бухгалтерлік есеп шоттарының

үлгілік жоспарына
қосымша
1-бөлім. «Қысқа мерзімді активтер»
1000
Ақша қаражаты
1010
Кассадағы ақша қаражаты
1020
Жолдағы ақша қаражаты
1030
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
1040
Корреспонденттік шоттардағы ақша қаражаты
1050
Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты
1060
Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты
1070
Цифрлық теңге және электрондық ақша қаражаты
1080
Өзге ақша қаражаты
1090
Ақша қаражатының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
1100
Қысқа мерзімді қаржылық активтер
1110
Қысқа мерзімді амортизациялық құн бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық активтер
1120
Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер
1130
Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1140
Туынды қаржы құралдар
1150
Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1160
Өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер
1170
Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
1200
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1220
Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1240
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1250
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260
Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270
Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1280
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
1300
Қорлар
1310
Шикізат және материалдар
1320
Дайын өнім
1330
Тауарлар
1340
Аяқталмаған өндіріс
1350
Өзге қорлар
1360
Қорлардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
1370
Қорларды қайтару құқығы бар актив
1400
Ағымдағы салықтық активтер
1410
Корпоративтік табыс салығы
1420
Қосылған құн салығы
1430
Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
1500
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1510
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1520
Сатуға арналған істен шығатын топтар
1530
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
1600
Биологиялық активтер
1610
Өсімдіктер
1620
Жануарлар
1630
Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
1700
Өзге қысқа мерзімді активтер
1710
Берілген қысқа мерзімді аванстар
1720
Алдағы кезеңдердің шығыстары
1730
Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер
1740
Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері
1750
Өзге қысқа мерзімді активтер
2-бөлім. «Ұзақ мерзімді активтер»
2000
Ұзақ мерзімді қаржылық активтер
2010
Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер
2020
Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер
2030
Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер
2040
Туынды қаржы құралдар
2050
Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2060
Үлескерлік құралдар
2070
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер
2080
Ұзақ мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері
2100
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2110
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі
2120
Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2130
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2140
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2150
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2160
Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2170
Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2180
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болған залалға арналған бағалау резервтері
2200
Инвестициялар
2210
Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар
2220
Бастапқы құны бойынша есепке алынатын инвестициялар
2230
Инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
2300
Инвестициялық мүлік
2310
Инвестициялық мүлік
2320
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясы
2330
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
2400
Негізгі құралдар
2410
Негізгі құралдар
2420
Негізгі құралдардың амортизациясы
2430
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
2440
Активтерді пайдалану құқығы
2450
Активтерді пайдалану құқығының амортизациясы
2460
Активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері
2500
Биологиялық активтер
2510
Өсімдіктер
2520
Жануарлар
2530
Биологиялық активтердің амортизациясы
2540
Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
2600
Барлау және бағалау активтері
2610
Барлау және бағалау активтері
2620
Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы
2630
Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві
2700
Материалдық емес активтер
2710
Гудвилл
2720
Гудвиллдің құнсыздануы
2730
Өзге материалдық емес активтер
2740
Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы
2750
Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
2760
Активті пайдалану құқығы
2770
Активті пайдалану құқығының амортизациясы
2780
Активті пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві
2800
Кейінге қалдырылған салықтық активтер
2810
Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер
2900
Өзге ұзақ мерзімді активтер
2910
Берілген ұзақ мерзімді аванстар
2920
Алдағы кезеңдердің шығыстары
2930
Аяқталмаған құрылыс
2940
Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтер
2950
Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві
2960
Шарттар бойынша шығындар
2970
Шарттар бойынша шығындар амортизациясы
2980
Шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві
2990
Өзге ұзақ мерзімді активтер
3-бөлім. «Қысқа мерзімді міндеттемелер»
3000
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3010
Амортизациялық құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3020
Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3030
Туынды қаржы құралдары
3040
Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3050
Төлемге қысқа мерзімді сыйақылар
3060
Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі
3070
Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі
3080
Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3100
Салық бойынша міндеттемелер
3110
Төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы
3120
Жеке табыс салығы
3130
Қосылған құн салығы
3140
Акциздер
3150
Әлеуметтік салық
3160
Жер салығы
3170
Көлік құралдары салығы
3180
Мүлік салығы
3190
Өзге салықтар
3200
Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
3210
Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер
3220
Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер
3230
Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер
3240
Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер
3300
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3310
Өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3320
Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3330
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3340
Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3350
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
3360
Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек
3370
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі
3380
Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3400
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3410
Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер
3420
Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер
3430
Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3440
Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3500
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
3510
Алынған қысқа мерзімді аванстар
3520
Алдағы кезеңдердің кірістері
3530
Сатуға арналған шығаруға топ міндеттемелері
3540
Шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер
3550
Аралас қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы
3560
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер.
4-бөлім. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»
4000
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4010
Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4020
Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4030
Туынды қаржы құралдары
4040
Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша ұзақ мерзімді берешек
4050
Төлемге ұзақ мерзімді сыйақылар
4060
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4100
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4110
Өнім берушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4120
Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4130
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4140
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4150
Жалға алу бойынша ұзақ мерзімді берешек
4160
Өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4200
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4210
Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері
4220
Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4230
Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4240
Өзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4300
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
4310
Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
4400
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
4410
Алынған ұзақ мерзімді аванстар
4420
Алдағы кезеңдердің кірістері
4430
Шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер
4440
Аралас ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы
4450
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер.
5-бөлім. «Капитал мен резервтер»
5000
Жарғылық капитал
5010
Артықшылықты акциялар
5020
Қарапайым акциялар
5030
Салымдар мен пай
5100
Төленбеген капитал
5110
Төленбеген капитал
5200
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар
5210
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар
5300
Эмиссиялық кіріс
5310
Эмиссиялық кіріс
5400
Қосымша төленген капитал
5410
Негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал
5420
Өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал
5500
Резервтер
5510
Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал
5520
Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв
5530
Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв
5540
Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв
5550
Қаржылық активтер бойынша залалға арналған резерв
5560
Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв
5570
Өзге резервтер
5600
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)
5610
Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)
5620
Алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)
5700
Қорытынды пайда (қорытынды залал)
5710
Қорытынды пайда (қорытынды залал).
6-бөлім. «Кірістер»
6000
Операциялық кірістер
6010
Өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс
6020
Сатылған өнімді қайтару
6030
Бағадан және сатудан жеңілдіктер
6100
Өзге де операциялық кірістер
6110
Активтің шығуынан түсетін кірістер
6120
Өтеусіз алынған активтерден түсетін кірістер
6130
Операциялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер
6140
Қаржылық емес активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер
6150
Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер
6160
Операциялық жалдаудан түсетін кірістер
6170
Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер
6180
Дебиторлық берешектің құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер
6190
Өзге кірістер
6200
Инвестициялық қызметтен түсетін кірістер
6210
Сыйақылар бойынша кірістер
6220
Дивидендтер бойынша кірістер
6230
Инвестициялық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер
6240
Инвестициялық жылжымайтын мүлікпен операциялардан түсетін кірістер
6250
Қаржылық активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер
6260
Қаржылық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер
6270
Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың пайда үлесі
6280
Қаржылық жалдаудан түсетін кірістер
6290
Инвестициялармен және қаржылық активтермен жасалатын өзге де операциялардан түсетін кірістер
6300
Қаржылық қызметтен түсетін кірістер
6310
Қаржылық міндеттемелердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер
6320
Қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден кірістер
6330
Қаржылық қызметтен бағамдық айырмадан түсетін кірістер
6340
Қаржылық міндеттемелер бойынша қаржыландырудан түсетін өзге де кірістер
6400
Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер
6410
Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер
7-бөлім. «Шығыстар»
7000
Операциялық шығыстар
7010
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7020
Өнімдерді өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар
7030
Әкімшілік шығыстар
7100
Өзге де операциялық шығыстар
7110
«Активтердің шығуынан шығыстар
7120
Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар
7140
Дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік залалдар бойынша шығыстар
7150
Операциялық жалдау бойынша шығыстар
7160
Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар
7170
Өзге де шығыстар
7200
Инвестициялық қызмет бойынша шығыстар
7210
Қаржы құралдарының әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар
7220
Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар
7230
Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан болатын шығыстар
7240
Инвестициялық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар
7250
Бірлескен және қауымдасқан ұйымдардың залалдағы үлесі
7260
Инвестициялар мен қаржылық активтердің шығуынан болатын шығыстар
7270
Өзге де шығыстар
7300
Қаржылық қызмет бойынша шығыстар
7310
Сыйақылар бойынша шығыстар
7320
Қаржылық жалдау бойынша шығыстар
7330
Қаржылық міндеттемелердің әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар
7340
Қаржылық қызмет бойынша бағамдық айырма бойынша шығыстар
7350
Қаржылық міндеттемелерді түрлендіруден шығыстар
7360
Қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар
7400
Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
7410
Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
7500
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар
7510
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар
8-бөлім. «Өндірістік есепке алу шоттары»
8100
Негізгі өндіріс
8110
Негізгі өндіріс
8200
Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары
8210
Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары
8300
Қосалқы өндірістер
8310
Қосалқы өндірістер
8400
Жүкқұжат шығыстары
8410
Жүкқұжат шығыстары