О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 29.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2019 52397_392119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006186_
- ЭКБ идентификаторы
- 52397
- Редакция идентификаторы
- 52397_392119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:42
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 62 (1091) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережелерінде:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кредиттеудің барлық кезеңінде төлеуге жататын сыйақының жалпы сомасы және кредит беру туралы шартты жасау күніне - кредиттің және сыйақының жиынтық мәні.
Егер шартты жасау мен кредит беру күндері сәйкес келмеген жағдайда, нақты сыйақы сомасы мен шарт талаптарына сәйкес есептелінген кредит бойынша кредиттің және сыйақының жиынтық мәні міндетті түрде кредит беру туралы шартқа қосымша берілетін кредитті өтеу кестесінде нақтыланады.
Осы тармақшаның талаптары оның аясында кредит беру туралы шарт жасалынуы тиіс кредит алу үшін кредиттік желіні ашу туралы шешімге, сондай-ақ кредиттік лимиті бар төлем карточкаларын беру туралы шартқа таратылмайды;»;
5) тармақшадағы «кредитті» деген сөздің алдынан «заемшының төлем қабілеттілігін ескере отырып, оның таңдауы бойынша анықталатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Кредитті өтеу кестесінде сонымен қатар кредиттеудің барлық кезеңінде төлеуге жататын кредиттің және сыйақының жалпы сомалары және олардың жиынтық мәні, кредит беру туралы шарт тараптарының қойылған қолдары, сондай-ақ заемшының оларды қолданудан бас тартуы туралы белгісімен банк ұсынған өтеудің өзге де әдістерінің тізбесі бар. Кредит беру туралы шартты жасағанға дейін заемшыға кредитті өтеу әдісін таңдау үшін әртүрлі әдістермен есептелген кредитті өтеу кестесін танысуға береді.».