О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 30.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2013 AI57963_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000290
- ЭКБ идентификаторы
- 57963
- Редакция идентификаторы
- AI57963_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:43
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Занының 15-бабының 1, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 343-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
7, 8, 9, 11, 14-тармақтардағы «және (немесе) лицензияға қосымшаны», 12-тармақтағы «және (немесе) лицензияға қосымша», 13, 16-тармақтардағы «және (немесе) лицензияға қосымша», «және (немесе) лицензияға қосымшаның», «және (немесе) лицензияға қосымшаны» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оларды сақтауды және көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті орган береді.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде лицензиарлар қызмет объектісінің орналасқан жері бойынша өздерінің аумақтық органдарының қызметкерлерін тартуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Лицензия нақты мекенжайы бойынша әрбір қызмет объектісіне беріледі.»;
6-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «күні ішінде» деген сөздерден кейін «, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лицензия барлық қажетті құжаттармен коса өтініш берілген күннен бастап:
1) субъектілерге алкоголь өнімін сақтау мен көтерме саудада сатуға, сондай-ақ орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтау мен бөлшек саудада сатуға - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтау мен бөлшек саудада сатуға - он жұмыс күнінен кешіктерілмей беріледі.».