Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства"

Қаулы · № 1704 · қабылданған 30.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2007-no-731/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства" Күшін жойған Қаулы ·№ 1704 ·30.12.2011
29.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1704 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года № 731 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства"
Атауы (қаз.)
"Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1704
Қабылданған күні
30.12.2011
Көрсетілген редакция
29.01.2013 AI63366_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001704
ЭКБ идентификаторы
63366
Редакция идентификаторы
AI63366_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:29

0

"Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 343-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

3 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1704 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
№ 731 қаулысымен
бекітілген
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау және көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) қойма үй-жайларының - тек меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға aлу шарттары) алкоголь өнімдерін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлардың.

Алкоголь өнімін сату кезінде қойма үй-жайлары қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;

2 2) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің;

3 3) коммуникациялық жүйелердің - суық сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылудың, электрмен жабдықтаудың, желдетудің, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдарының, өрт сигнализациясының (өрт күзетінің);

4 4) температуралық өлшеуді қамтамасыз ететін сенімді құралдардың;

5 5) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.

2 2. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға алу шарттары) сауда үй-жайының және тауарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайды қамтитын стационарлық үй-жайдың.

Алкоголь өнімін сату кезінде стационарлық үй-жай қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;

2 2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттарының;

3 3) сапасы бойынша стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналардың (аспалы, мамандандырылған), сөрелердің және басқа да жабдықтардың;

4 4) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.

Қолданыстағы