Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 1229 и от 19 августа 2010 года № 824

Қаулы · № 549 · қабылданған 20.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2008-no-1229-19-2010-no-824/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 1229 и от 19 августа 2010 года № 824 Күшін жойған Қаулы ·№ 549 ·20.05.2011
29.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 1229 и от 19 августа 2010 года № 824

Күшін жойған Қаулы ·№ 549 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 1229 и от 19 августа 2010 года № 824
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
549
Қабылданған күні
20.05.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2018 58939_384503.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000549
ЭКБ идентификаторы
58939
Редакция идентификаторы
58939_384503
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:19

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының екінші абзацындағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «медициналық техника» деген сөздердің алдынан «дәрілік зат,» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта:
«өндіру» деген сөз «өндіруге» деген сөзбен, «өткізу құқығына» деген сөздер «өткізуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«заттарды» деген сөзден кейін «, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы» деген сөздермен толықтырылсын;

2

2) «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
4-тармақтың 1) тармақшасындағы және 5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларының екінші абзацындағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:
бірінші абзац «пайдалану үшін» деген сөздерден кейін «сатушы мен сатып алушы арасындағы келісімшартқа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«бұл ретте, егер келісімшартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі ескерілсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.»;
екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «медициналық техника» деген сөздердің алдынан «дәрілік зат,» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы