О внесении изменений в решение от 23 декабря 2008 года № 19 "Маржанбұлақ селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 23 декабря 2008 года № 19 "Маржанбұлақ селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
- Атауы (қаз.)
- "Маржанбұлақ селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 388
- Қабылданған күні
- 24.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 97593_42008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CCI04677
- ЭКБ идентификаторы
- 97593
- Редакция идентификаторы
- 97593_42008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:37
0 «Маржанбұлақ селолық округіне қарасты
елді мекендерге көше атауын беру
туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы
№ 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал енгізу туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Маржанбұлақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 19 «Маржанбұлақ селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-69 тіркелген, 2009 жылғы 03 ақпандағы аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіндегі «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі «Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы № 255 қаулысына,» сөздері алынып тасталсын.