О внесении изменений в решение от 23 июня 2008 года № 2 «Көшелерге атау беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 23 июня 2008 года № 2 «Көшелерге атау беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- «Көшелерге атау беру туралы» 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 27.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 104797_Some(101157).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CBD05007
- ЭКБ идентификаторы
- 104797
- Редакция идентификаторы
- 104797_Some(101157)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:35
0 «Көшелерге атау беру туралы» 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-51 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі «Жаңалық жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының» сөздері «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.