О внесении изменения в решение акима Карабутакского сельского округа от 23 июня 2008 года № 4 «Көшелерге атау беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Карабутакского сельского округа от 23 июня 2008 года № 4 «Көшелерге атау беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 07.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2017 111345_177580.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CBJ05432
- ЭКБ идентификаторы
- 111345
- Редакция идентификаторы
- 111345_177580
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:27
0 Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-50 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын.