Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 603 "Об утверждении формы и Правил представления Расчета по исчисленным, удержанным (начисленным) и перечисленным суммам обязательных пенсионных взносов, начисленным и перечисленным суммам социальных отчислений"

Бұйрық · № 589 · қабылданған 31.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2008-no-603-ekb-50283/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 603 "Об утверждении формы и Правил представления Расчета по исчисленным, удержанным (начисленным) и перечисленным суммам обязательных пенсионных взносов, начисленным и перечисленным суммам социальных отчислений" Күшін жойған Бұйрық ·№ 589 ·31.12.2009
13.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 603 "Об утверждении формы и Правил представления Расчета по исчисленным, удержанным (начисленным) и перечисленным суммам обязательных пенсионных взносов, начисленным и перечисленным суммам социальных отчислений"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 589 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 603 "Об утверждении формы и Правил представления Расчета по исчисленным, удержанным (начисленным) и перечисленным суммам обязательных пенсионных взносов, начисленным и перечисленным суммам социальных отчислений"
Атауы (қаз.)
«Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
589
Қабылданған күні
31.12.2009
Көрсетілген редакция
13.01.2012 AI50283_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005998_
ЭКБ идентификаторы
50283
Редакция идентификаторы
AI50283_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:23

0

«Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5428 болып тіркелген, Юридическая газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті (201.00 нысан) тапсыру Ережесінде:
«1. Жалпы ережелер» бөлімнің атауы алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеуші - салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны электронды түрде алады.»;
«2. Есепті жасау (201.00-нысан)» бөлімнің атауы алып тасталсын;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызына дейін Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ЖСН - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызынан бастап Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;»;
Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың қоса есептелген және аударылған сомалары бойынша Есеп (201.00-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрі
_________ Г.Н.Әбдіқалықова
6 қаңтар 2010 жыл

4 МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН, ҰСТАЛҒАН (ҚОСА ЕСЕПТЕЛГЕН) ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ; ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 589 бұйрығына қосымша
МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН, ҰСТАЛҒАН (ҚОСА ЕСЕПТЕЛГЕН) ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ; ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП
(қағаз мәтінінен қараңыз)

Қолданыстағы