О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 23 июля 2009 года № 143-Ө «О распределении объектов I категории, подлежащих государственной экологической экспертизе, и для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду между уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и его территориальными подразделениями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 23 июля 2009 года № 143-Ө «О распределении объектов I категории, подлежащих государственной экологической экспертизе, и для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду между уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и его территориальными подразделениями»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 25.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2021 146749_538581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021291
- ЭКБ идентификаторы
- 146749
- Редакция идентификаторы
- 146749_538581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:38
0
«Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінде № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуінде:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын жалпы объект бойынша норматив эмиссияларының біреуі асқан жағдайда:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тоннадан астам, мұнай-газ өнеркәсібі үшін жылына 1000 тоннадан астам;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тоннадан астам;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тоннадан астам қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары.
Күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтерінің, сондай-ақ астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың полигондарының қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары.»;
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 1000 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тонна.».
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.