Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1656 "Об утверждении Правил отнесения зданий и сооружений к технически сложным объектам и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918"

Қаулы · № 490 · қабылданған 15.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2009-no-1656-19-2002-no-918/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1656 "Об утверждении Правил отнесения зданий и сооружений к технически сложным объектам и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918" Күшін жойған Қаулы ·№ 490 ·15.05.2013
24.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1656 "Об утверждении Правил отнесения зданий и сооружений к технически сложным объектам и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918"

Күшін жойған Қаулы ·№ 490 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1656 "Об утверждении Правил отнесения зданий и сооружений к технически сложным объектам и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918"
Атауы (қаз.)
"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
490
Қабылданған күні
15.05.2013
Көрсетілген редакция
24.06.2015 AI72610_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000490
ЭКБ идентификаторы
72610
Редакция идентификаторы
AI72610_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:05

0 "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 425-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесінде:
5, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) өндірістік-шаруашылық құрылыстарды, оның ішінде тауарларды немесе материалдарды сақтау үшін айрықша жағдайларды, сондай-ақ құрылыс және пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіпсіздігін, аэрацияны, ылғалдылықты, температуралық режимді белгілі бір деңгейде ұстаудың айрықша жағдайларын қамтамасыз етуге, дірілді және өзге де арнайы талаптарды шектеуге бағытталған басқа да арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар мен сақтау орындарын қоса алғанда, жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын өндірістік мақсаттағы барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.
Өндірістік мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге (өндірістік-шаруашылық құрылыстарды қоса алғанда) жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, оның ішінде контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер жатпайды.
7. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейдегі мынадай ғимараттар мен құрылыстар жатпайды:
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандарда (аймақтарда) салынып жатқандарды қоспағанда, жер үстіндегі биіктігі 3 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер;
2) келушілерді (көрермендер, клиенттер, науқастар, жолаушылар, сатып алушылар, қонақүйде және тағы сол сияқты тұратындар), сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер мен персоналды қоса алғанда, ішкі үй-жайларында бір мезгілде 50-ден аспайтын адам болатын, жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
3) бір мезгілде саны 10 бірліктен аспайтын көлік құралына қызмет көрсететін жеке тұрған бір қабатты автосервис пункттері, сондай-ақ сыйымдылығы 15 автомобильден аспайтын жер үсті немесе жер асты гараж-тұрақтар.
Техникалық жағынан күрделі объектілерге жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, оның ішінде контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған құрылыстар жатқызылмайды.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы