Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)"

Ереже · № 28/219-V · қабылданған 25.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2009-no-17215-iv/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" Күшін жойған Ереже ·№ 28/219-V ·25.06.2014
28.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)"

Күшін жойған Ереже ·№ 28/219-V · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)"
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/219-V
Қабылданған күні
25.06.2014
Көрсетілген редакция
28.08.2018 81392_350414.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14U0002718
ЭКБ идентификаторы
81392
Редакция идентификаторы
81392_350414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:20

0 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасында:
1-тарау «Жалпы ережелер» мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
4. «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.
5. «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.»;
2-тарауда «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі»:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тармақтарды нөмірлеу тиісінше 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 цифрларымен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдаухатпен бірге және оған қоса тiркелетiн құжаттарымен облыс әкiміне жолдайды.»;
3 тараудағы «Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі»:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тармақтарды нөмірлеу тиісінше 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 цифрларымен ауыстырылсын;
16 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.»;
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4. «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағынан айыру және қалпына келтіру».
24. «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айрылады.
25. Осы Қағиданың 24 тармағында көзделген негіздер бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.
26. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға «Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы тиісті әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы