О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 24 "О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2009 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 24 "О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2009 году"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 02.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2011 AI46712_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NR000093
- ЭКБ идентификаторы
- 46712
- Редакция идентификаторы
- AI46712_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:59
0 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріндегі нөмірі 9-18-78, 2009 жылы 19 ақпанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), бұрын "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтыру енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 119 қаулысымен толықтыру енгізілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Реестріндегі тіркеу нөмірі 9-18-88, 2009 жылғы 14 мамырдағы "Шамшырақ" аудандық газетінің № 19 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 14), 16), 18) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"14) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жиырма үш жасқа дейінгі түлектері, сонымен қатар жұмыс өтілі жоқ өткен жылғы түлектер;
16) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар оқу орындарының түлектері.".
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Бермағамбетовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Л. Өтешева