Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 27 "Об организации оплачиваемых общественных работ на 2009 год"

Қаулы · № 118 · қабылданған 27.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2009-no-27-2009/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 27 "Об организации оплачиваемых общественных работ на 2009 год" Күшін жойған Қаулы ·№ 118 ·27.04.2009
08.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 27 "Об организации оплачиваемых общественных работ на 2009 год"

Күшін жойған Қаулы ·№ 118 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата района от 23 января 2009 года № 27 "Об организации оплачиваемых общественных работ на 2009 год"
Атауы (қаз.)
"2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118
Қабылданған күні
27.04.2009
Көрсетілген редакция
08.12.2011 AI45690_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NR000089
ЭКБ идентификаторы
45690
Редакция идентификаторы
AI45690_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:15

0 "2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-тармақшасына, 20-бабы 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік тіркеу Реестіріндегі нөмірі 9-18-81, 2009 жылғы 26 ақпандағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулысымен бекітілген 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар жұмыстар ақысы көлемінің, мөлшерлерінің, түрлерінің тізімі:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес мазмұнда 19 және 20 реттік нөмірлері жолдарымен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________ Л. Өтешева
"Таран ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________ В. Пирог

3 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар, жұмыстар ақысы көлемінің, мөлшерлерінің, түрлерінің тізімі

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 118 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 23 қантардағы
№ 27 қаулысымен бекітілді
2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін
ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын
кәсіпорындар мен ұйымдардың, сонымен қатар,
жұмыстар ақысы көлемінің, мөлшерлерінің,
түрлерінің тізімі
19
Таран селосы
"Қазақавтожолы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай облыстық филиалы
Республикалық мағынадағы авто- көліктік жолдарын қамту және ағымдағы жөндеу Қостанай-Қарабұтақ 50-126 км., 0-7 км., Рудный қаласының батыс жағы
515
1,5 төмен мөлшердегі еңбекақы
20
Таран селосы
"Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Автокөліктік жолдарын қамту және жөндеу
1008
1,5 төмен мөлшердегі еңбекақы

Қолданыстағы