О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 "Об утверждении форм распоряжений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 "Об утверждении форм распоряжений"
- Атауы (қаз.)
- "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 441
- Қабылданған күні
- 06.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 55760_304157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006658
- ЭКБ идентификаторы
- 55760
- Редакция идентификаторы
- 55760_304157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:26
0 "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде «Заң газеті» басылымының № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 352-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші абзацы «төлемдерді» деген сөзден кейін «, салықтар мен өсімпұлдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 352-бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
атауы «төлемдерді» деген сөзден кейін «, салықтар мен өсімпұлдарды» деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Кәрбозов Қ-К.Ж.) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық және қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.
М.О.
М.О.