Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 «Об утверждении форм распоряжений»

Қаулы · № 198 · қабылданған 29.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2009-no-27-27-2009-no-16/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 «Об утверждении форм распоряжений» Күшін жойған Қаулы ·№ 198 ·29.03.2017
08.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 «Об утверждении форм распоряжений»

Күшін жойған Қаулы ·№ 198 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2009 года № 27 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 16 «Об утверждении форм распоряжений»
Атауы (қаз.)
«Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198
Қабылданған күні
29.03.2017
Көрсетілген редакция
08.02.2018 112696_304165.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015205
ЭКБ идентификаторы
112696
Редакция идентификаторы
112696_304165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:35

0 «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірінде «Заң» газетінде № 49 (1646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы бұйрыққа және қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.»;
көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны осы бұйрыққа және қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты және қаулыны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың және қаулының мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

4 4) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық және қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялану тиіс.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2017 жылғы 29 наурыз
№ 198 бұйрығына және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 сәуір
№ 67 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 16 қаулысына
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20 __ жылғы «___» ____________ № __________
____________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
____________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
___________________________________________________________ұсынылды.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, «Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан
Республикасы Заңының 31-бабына, сондай-ақ міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін және (немесе)
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыскерлердің
тізімдерін мемлекеттік кірістер органына тапсыру
туралы ____ жылғы «___»_______ № ____ хабарламаға сәйкес
(хабарламаны табыс ету күні)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
____________________________________________________________________
(хабарламаның мазмұны)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара
кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың
және кәсіби медиатордың тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыру
құжатында көрсетілген жағдайда),
____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
(Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Кодексінің 611-бабы 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны
алып қою жағдайларын қоспағанда, барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны ___________________________________________________________
(Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Осы өкім ______ жылғы «___» _______________ табыс етілді.

Қолданыстағы