О внесении изменений в постановление акимата Щучинского района от 23 февраля 2009 года № а-3/121 "Об определении перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Щучинского района от 23 февраля 2009 года № а-3/121 "Об определении перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы" Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-3/116
- Қабылданған күні
- 24.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2014 78330_212861.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BS004045
- ЭКБ идентификаторы
- 78330
- Редакция идентификаторы
- 78330_212861
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:45
0 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы" Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әртүрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шiлдедегi Конституциялық Заңының 1 бабы 11 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-150 тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 26, аудандық «Бурабай» газетінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 15 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
2 2) қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.»;
3 3) қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi».