О внесении дополнений в решение районного маслихата от 23 декабря 2009 года № 4С-19/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата от 23 декабря 2009 года № 4С-19/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-21/4
- Қабылданған күні
- 12.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2011 52297_199855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BL000126
- ЭКБ идентификаторы
- 52297
- Редакция идентификаторы
- 52297_199855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:33
0 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-122 тіркелген, 2010 жылдың 5 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
2 тармақтың:
екінші азат жолындағыда «мүгедектер» сөзінен кейін «және Мүгедектер күніне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға» сөздерімен толықтырылсын;
үшінші азат жолындағы «Қарттар күніне зейнеткерлер» сөздерінен кейін «интернационал жауынгерлерге, Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларына» сөздерімен толықтырылсын;
бесінші азат жолдағы «және туберкулезбен ауратындарға» сөздерінен кейін «Жарқайың аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған анықтамалар негізінде 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде «туберкулезді ұзақ емделушілерге» сөздерімен толықтырылсын;
алтыншы азат жолдағы «колледждерде күндізгі бөлімде» сөздерінен кейін «ауыл жерлерден» сөздерімен толықтырылсын;
азат жолдарды келесі мазмұнда толықтырылсын:
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге 2,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен;
аз қамтылған отбасыларға ай сайын негізгі азық - түліктің қымбаттауына байланысты 0,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде;
жоғары білімі бар жас маман - дәрігерлерге жайластыруға 175 айлық есеп көрсеткішімен, жас маман - мұғалімдерге жайластыруға 18 айлық есеп көрсеткішімен, өтініш бойынша;
концлагерь тұтқындарына ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен;
2 2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы В.Сидорина
Жарқайың ауданының
«Қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Ахметова
Жарқайың ауданының «Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Қоржымбаева