О внесении изменения в решение акима Кобдинского сельского округа от 23 января 2009 года № 4 "Қобда ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Кобдинского сельского округа от 23 января 2009 года № 4 "Қобда ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы"
- Атауы (қаз.)
- "Қобда ауылыңың жаңа көшелеріне атау беру туралы" Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 13.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2016 107570_129277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CGP05121
- ЭКБ идентификаторы
- 107570
- Редакция идентификаторы
- 107570_129277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:31
0 «Қобда ауылыңың жаңа көшелеріне
атау беру туралы» Қобда ауылдық округі
әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 -бабының 2-тармағына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 мемлекеттік тіліндегі «Қобда ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-59 болып тіркелген, 2009 жылдың 19 наурызында аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».