Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 1229 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней"

Қаулы · № 1499 · қабылданған 29.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-1229/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 1229 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней" Күшін жойған Қаулы ·№ 1499 ·29.11.2012
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 1229 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1499 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 1229 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней"
Атауы (қаз.)
"Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадығы № 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1499
Қабылданған күні
29.11.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI68924_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001499
ЭКБ идентификаторы
68924
Редакция идентификаторы
AI68924_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:43

0 "Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадығы № 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:

көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасында:

3-бөлімде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кеден органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзету және лауазымды адамдар кедендік ресімдеу үшін қабылдаған басқа қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды кедендік ресімдеуді жүргізбейтін кеден органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді кеден органы (кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, посткедендік бақылау ұйымдары) бөлімшелерінің лауазымды адамы толтырады және кедендік кірістер бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте посткедендік бақылау бөлімшесі Тізілімді толтырады және Тексеру актісін берген күннен кейінгі күннен кешіктірмей төлеушіге жібереді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін мынадай деректемелер көрсетіледі:
1) жеке басын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
2) тегі, аты мен әкесінің аты;
3) бюджеттік сыныптама бойынша төлемнің немесе салықтың коды.»;
23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Ашылған кезде заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі:
1) толық атауы;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптаушының жалпы коды;
5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі.
24. Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
2) тегі, аты мен әкесінің аты;
3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптауышының жалпы коды;
5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі көрсетіледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Кеден органының лауазымды адамы төленушімен бірге жылына бір рет Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда төлеуші кеден органына мынадай құжаттардың:
1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомасын төлеуді растайтын төлем құжаты;
2) кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзетулер және олар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге құжаттар;
3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген өзге құжаттар көшірмелерін он жұмыс күні ішінде ұсынады:
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі екі данада жасалады, бір данасы кеден органында қалады, екіншісі төлеушіге беріледі.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар кеден органы қабылдайды.
Берешек қалыптасқан күннен бастап бес жыл (қоса алғанда) ішінде өтелмеген берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану үшін кеден органында кеден органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы болып кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам тағайындалады. Комиссияның құрамына міндетті түрде заң қызметі, кедендік кірістер және посткедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды адамдары енгізіледі.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығару үш данада ресімделетін және комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті есептен шығару актісін кеден органының басшысы бекітеді.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен кеден органында:
біріншісі – кедендік кірістер бөлімшесінде;
екіншісі – посткедендік бақылау бөлімшесінде;
үшіншісі–мұрағатта сақталады.»;
көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар екені туралы № ______ растау

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1499 қаулысына
1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате)
төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын,
аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару,
қайтару (есепке жатқызу) қағидасына
қосымша
Нысан
Бекітемін
________________________ бастығы
(кеден органының атауы)
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(МО, қолы)
20 ____ жылғы «___» ____________
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар екені туралы № ______ растау
___________________________________________________________ беру үшін
(төлеушінің атауы / Т.А.Ә.)
беру үшін төлеушінің СТН ____________________________________________
ЖСН/БСН (бар болған жағдайда) _______________________________________
____________________________________________________________ берілді
(бенефициар салық органының атауы)
бенефициар салық органының СТН ______________________________________
БСН (бар болған жағдайда) ___________________________________________
20 ___ жылғы «__» __________№ __________ салыстыру актісінің қорытындысы бойынша
(теңге)
Р/с

Ке­ден­дік төлем­нің және/неме­се са­лық­тың ата­уы
Бюд­жет­ке тө­лен­ді
Ар­тық тө­лен­ген со­ма
Тө­лем құ­жа­ты­ның кү­ні, нө­мі­рі
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды (БСК)
Тө­лем та­ғай­ын­дау ко­ды
Со­ма
1
2
3
4
5
6
7
Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы мынадай себептер бойынша қалыптасты (тиісті ұяшықта (тарда) R көрсетіңіз:
[ ] тауарларды еркін айналысқа шығарғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасының азаюы;
[ ] кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдарды аванспен төлеу;
[ ] басқа себептер.
Р/с

Бел­гі­лен­ген се­беп
Се­беп­тер­дің си­патта­ма­сы*
1
2
3
Кірістер бөлімінің бастығы ________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Ескертпе*
*3-бағанды толтырған кезде артық төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қалыптасуының әрбір себебінің нақты сипаттамасын негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар төленген құжаттардың; негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) құжаттардың, негізге алынып бастапқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып беру қажет.

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1499 қаулысына
2-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасына
1-қосымша
Нысан
________________________________________________ бойынша
(төлемнің (немесе салықтың) атауы және коды)
жеке шот
Төлеушінің атауы (немесе жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә.) _________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ______________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) ___________________________________________________________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының коды _______________
Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды ____________________
Қосымша құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің сериясы мен нөмірі және қосылған құн салығы бойынша есепке тұру күні ____________
Р/с

Жа­з­ба кү­ні
Құ­жат үл­гі­сі
Құ­жат­тың №
Құ­жат­тың кү­ні
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Тө­лен­ді
Есеп­ке жа­зыл­ды
Азай­тыл­ды
Қай­та­ру/кей­ін­ге қал­ды­ру
Опе­ра­ция со­ңын­да­ғы тө­лем/са­лық саль­до­сы
Өсім­пұл­дан саль­до
Негіз­гі тө­лем­дер есеп­ке жа­зыл­ды
Есеп­ке жат­қы­зу әді­сі­мен ҚҚС есеп­ке жа­зыл­ды
Өсім­пұл есеп­ке жа­зыл­ды
Негіз­гі тө­лем­ді есеп­ке жа­зу азай­тыл­ды
Өсім­пұл­ды есеп­ке жа­зу азай­тыл­ды
Қай­та­рыл­ды
Кей­ін­ге қал­дыр ыл­ды/бө­ліп-бө­ліп тө­лен­ді
1
2
3
4
5
6
7
8.1
8.2
9
10
11
12
13
14
15
1
Жиы­ны:
Қорытындылар: _________________________________________ төленді
_______________________________ негізгі төлем есепке жазылды
___________________________________ өсімпұл есепке жазылды
________________________ негізгі төлемді есепке жазу азайтылды
___________________________ өсімпұлды есепке жазу азайтылды
____________________________________ бюджеттен қайтарылды
_______________ төлемдер кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер есепке жазылды
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер өтелген жоқ
_______________ төлеушінің СТН
_______________ төлеушінің ЖСН/БСН (бар болған жағдайда)

3 Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілім

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1499 қаулысына
3-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке
алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың
түрлері бойынша жеке шоттарын
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілім
Р/с №
Тө­ле­у­ші­нің ата­уы
Са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар болған жағ­дай­да)
Тө­лем (са­лық) тү­рі
Бюд­жет кі­рі­сте­рі сы­нып­та­ма­сы­ның ко­ды
Та­у­ар­лар де­кла­ра­ци­я­сы және бас­қа құ­жат­тар бой­ын­ша есеп­ке жазуға (азай­ту­ға) (+, -)
құ­жат
тө­леу мер­зі­мі
тө­лем (са­лық) со­ма­сы
өсім­пұл со­ма­сы
тү­рі
нө­мі­рі
кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Жиы­ны:
Тізілімді:__________________________________________________ тапсырды
(ресімдеу, посткедендік бақылау және т.б. бөлімдері қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы)
Тізілімді:__________________________ қабылдап алды және жеке шоттарға
(кірістер бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы) тарату жүргізді.

4 Жиынтық қорытындылар кітабы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1499 қаулысына
4-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың,
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасына
3-қосымша
Нысан
Жиынтық қорытындылар кітабы
Жа­з­ба №
Тө­ле­у­ші­нің ата­уы
Са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар болған жағ­дай­да)
Төлем­нің/са­лық­тың тү­рі мен ко­ды
Төлем­нің/са­лық­тың тү­рі мен ко­ды
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы(+, -)
Кі­ріс
Шы­ғыс
Опе­ра­ция аяқ­тал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Кі­ріс
Шы­ғыс
Опе­ра­ция аяқ­тал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
2
3
Жиы­ны қаң­тар­да
1
2
3
Жиы­ны ақ­пан­да
1
2
3
және т.б.
Жиы­ны қар­жы ке­зе­ңін­де
кестенің жалғасы:
Төлем­нің/са­лық­тың тү­рі мен ко­ды
Төлем­нің/са­лық­тың тү­рі мен ко­ды
Бар­лы­ғы же­ке шот­тар бой­ын­ша
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/са­лық саль­до­сы (+, -)
Кі­ріс
Шы­ғыс
Опе­ра­ция аяқ­тал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Кі­ріс
Шы­ғыс
Опе­ра­ция аяқ­тал­ған­да­ғы тө­лем/ са­лық саль­до­сы (+, -)
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/са­лық саль­до­сы (+, -)
Кі­ріс
Шы­ғыс
Опе­ра­ция ба­стал­ған­да­ғы тө­лем/са­лық саль­до­сы (+, -)
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24

Қолданыстағы