О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2010 года № 1406
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2010 года № 1406
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 486
- Қабылданған күні
- 06.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2014 AI58763_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000486
- ЭКБ идентификаторы
- 58763
- Редакция идентификаторы
- AI58763_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:25
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-тармақта:
2 2) тармақшадағы «қамтамасыз ету.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
3 «3) ЭЫДҰ стандарттары мен ұсынымдарын енгізуге жәрдемдесу.»;
7 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
7 «7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен құрылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамы
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 6 мамырдағы
№ 486 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен
құрылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы,
төрағаның орынбасары
Тұяқбаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әлімжанұлы министрлігі Мемлекеттің мүліктік
құқықтарын қорғау департаментінің
директоры, хатшы
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
Есенбаев - Қазақстан Республикасы
Мәжит Төлеубекұлы Бәсекелестікті қорғау
агенттігінің (Монополияға қарсы
агенттік агенттік) төрағасы
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Серік Кеңесұлы және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің
төрағасы
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Айтмұхамбетұлы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы агенттігінің төрағасы
Өзібеков - Қазақстан Республикасы Жер
Өмірзақ ресурстарын басқару агенттігінің
төрағасы
Ақышев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Данияр Талғатұлы Банкі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Әбсаттаров - Қазақстан Республикасы Байланыс
Қайрат Бектайұлы және ақпарат министрлігінің
жауапты хатшысы
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрлігінің жауапты
хатшысы
Әубәкіров - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Акрамұлы министрінің орынбасары
Құрманғалиев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы министрінің орынбасары
Pay - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы және коммуникация вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы Денсаулық сақтау вице-министрі
Ахметов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Серік Әбжәлиұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Телебаев - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Тұрысбекұлы Мәдениет вице-министрі
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Мәжит Әбдіқалықұлы Қоршаған ортаны қорғау
вице-министрі
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім
Махметғали Нұрғалиұлы және ғылым вице-министрі
Мағауов - Қазақстан Республикасының Мұнай
Әсет Маратұлы және газ вице-министрі
Смайылов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Аманкелдіұлы жағдайлар вице-министрі
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайырбек Айтбайұлы және спорт вице-министрі
Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы шаруашылығы вице-министрі
Ертілесова - «Қазақстан Республикасының
Жаннат Жұрғалиқызы Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау
орталығы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің төрайымы,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің штаттан тыс
кеңесшісі (келісім бойынша)
Манасова - «Қазақстан Республикасының
Аяна Тоқтағанқызы Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау
орталығы» акционерлік қоғамының
басқарма төрайымы, (келісім
бойынша бойынша)
Ежов - «Назарбаев Университеті»
Владислав Николаевич акционерлік қоғамының Атқарушы
кеңесі төрағасының кеңесшісі
(келісім бойынша)