Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 31-3 · қабылданған 05.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-22-2-ekb-58559/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 31-3 ·05.04.2011
16.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 31-3 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Жанибекского районного маслихата от 23 февраля 2010 года № 22-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31-3
Қабылданған күні
05.04.2011
Көрсетілген редакция
16.07.2012 58559_199143.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ZF000122
ЭКБ идентификаторы
58559
Редакция идентификаторы
58559_199143
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:39

0 Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сай Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-6-101 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде аудандық "Шұғыла" газетінде N 15 жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

"1. Жәнібек ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Oтан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) Ауған соғысына қатысқандарға;
3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне;
4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларынын қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтердің шығыстарын өтеу (есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады);
6) концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
7) соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға;
8) Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;
9) балаларды қорғау күніне – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
10) аз қамтылған отбасыларын рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу үшін;
11) аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлем;
12) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауратындарға, өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек;
13) бейбіт уақытта әскери қызметін өткізу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға ай сайын толыққанды азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек ай сайын 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
15) 1979-1989 жылдарғы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлерге, 1-2 топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгердің отбасыларына коммуналдық төлемдерден 50% көлемінде жеңілдік жасау жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтем ақы;
16) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші топ мүгедектеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
үшінші топ мүгедектеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы