О внесении изменений и дополнений в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/7
- Қабылданған күні
- 09.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 AI59480_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VA000168
- ЭКБ идентификаторы
- 59480
- Редакция идентификаторы
- AI59480_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:13
0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту
туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
5 5 тармақ мына редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін алушылар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттарды, және де отбасының кірісін растайтын құжаттарды тоқсан сайын беріп отырады. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда ғана тағайындалады.»;
мына мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын: «Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді. Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;