Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Ереже · № 26/2-V · қабылданған 23.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-264/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 26/2-V ·23.01.2014
23.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 26/2-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26/2-V
Қабылданған күні
23.01.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2014 AI77417_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VA003189
ЭКБ идентификаторы
77417
Редакция идентификаторы
AI77417_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:04

0 Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамызда № 101 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 14 тамызда № 100 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер уәкiлеттi органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.";
4 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының не мекенжай анықтамасының көшірмесі;";
4 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегiн алушылар өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға 4 тармақтың 4) - 8) тармақшаларында санамаланған құжаттарды қоса берумен тоқсан сайын өтiнiш бередi.";
12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.";
18 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".

2

2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы