Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации"

Бұйрық · № 74 · қабылданған 12.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-41-ekb-72448/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 ·12.03.2013
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
12.03.2013
Көрсетілген редакция
11.04.2019 72448_396207.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008403
ЭКБ идентификаторы
72448
Редакция идентификаторы
72448_396207
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:30

0 "Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына («Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған, нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6277 болып енгiзiлген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесінде:
2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5) ұлттық стандарттарды халықаралық, өңірлік стандарттарының және шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарымен үйлестiру»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоспар мен Бағдарламаны техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, ғылыми-техникалық, инженерлiк және қоғамдық бiрлестiктердiң, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттiктерiн есепке алып, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға алдын ала талдау жүргiзу негiзiнде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделi субъектiлердi (өнiм өндiрушiлер, тұтынушылар) қатыстырып ұлттық стандарттарды әзiрлеу қажеттiліктерiн есепке ала отырып қалыптастырады.»;
7-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоспарға ұлттық стандарттардың мынадай түрлерi мен стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар кiредi:»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi;»;
көрсетiлген Ереженің 1-қосымшасында:
«Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсыныстар» деген кестеде:
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық стандарт жобасының атауы Жұмыс түрi»;
2 және 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
1-қосымша

2 Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсынысқа техникалық–экономикалық негiздеме _______________________________________________________ жұмыс түрiнiң атауы мен стандарт атауы

Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
2-қосымша
нысан
Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсынысқа техникалық–экономикалық негiздеме _______________________________________________________ жұмыс түрiнiң атауы мен стандарт атауы
Техникалық-экономикалық негiздеме мыналардан тұруы керек:
стандарт жобасын әзiрлеу қажеттiлігi, өзектiлiгi, мақсатқа сәйкестігі және әзiрленетiн стандарттау нысанына қойылатын талаптарды белгiлеу қажеттiлігi туралы мәлiметтер, оларды нақты негiздемеден (бұл жағдайда әзiрленетiн стандарт өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасы дайындаушы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәлiметтер, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушының әзiрленетiн стандарттау объектiсiне мүдделiлігі туралы мәлiметтер берiлуi керек);
стандарттау объектiсiнiң жағдайы туралы мәлiметтер мен оның сипаттамасы;
өткiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң қазiргi заман талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң халықаралық, өңiрлiк стандарттау және өзге мемлекеттердiң ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектiсiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау қажеттiгi туралы мәлiметтер;
балама техникалық құжаттар қолданылу кезінде ұлттық стандартты әзiрлеу негiздiлiгi туралы мәлiметтер (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзiрлеу); осы стандарттау объектiсiне қатысты ұлттық стандарттарды, халықаралық, мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
стандарттау объектiсiнiң стандарттаудың өзге объектiлерiмен өзара байланысы және олармен әзiрленiп отырған стандарт өзара байланысты болуы керек қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау туралы мәлiметтер;
ұлттық стандарттау әзiрлеумен байланысты стандартты және (немесе) өзге нормативтiк құжаттарды болжамды жою туралы ақпарат.
____________________ ___________ ___________________________________
(Орындаушы ұйым (жеке қолы) (Тегі, Аты және Әкесінің аты,
басшысының (басшы болған жағдайда)
орынбасарының) лауазымы,
ұйым атауы)_______________________________ М.О._____________________
________________________ ____________ _______________________________
(орындаушы лауазымының (жеке қолы) (Орындаушының Тегі, Аты және
атауы) Әкесінің аты, болған жағдайда)
_______________________
(орындаушы телефоны)
«___» _____________ 20__ жыл.

2 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
2-қосымша

3 Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспары

Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
3-қосымша
нысан
Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспары
№ р/с
Тап­сыр­ма (та­қы­рып) ко­ды
МСЖ ко­ды
(МК (ИСО/ИН­ФО МКС)
001 - 96) бой­ын­ша
Ұлт­тық стан­дарт жо­ба­сы­ның ата­уы
Жұ­мыс түрi
Әзiр­ле­менiң мақ­са­ты (негiз­де­ме)
Қар­жы­лан ды­ру көзi
Жұ­мыстар­ды орын­дау мерзi­мi
Орын­да­у­шы ұй­ым
Әзiр­ле­удi ба­стау
Жо­ба­ның қо­ры­тын­ды ба­сы­лы­мын уәкiлет­тi ор­ган­ға бекiту­ге ұсы­ну
1
2
3
4
5
6
7
8
1-бөлiм Эко­но­ми­ка сек­тор­ла­рын­да ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзiр­леу
2-бөлiм Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жiк­те­уi­ш­терi
3-бөлiм Стан­дарт­тау жөнiн­де­гi мем­ле­ке­та­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар шең­берiн­де стан­дарт­тар әзiр­леу
Ескертпе:

1 1. 1-бағанда әзiрленетiн құжаттың реттiк нөмiрi көрсетiледi.

2 2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi МЖ (ИСО/ИНФКО МКС) бойынша код көрсетiледi.

3 3. 3-бағанда әзiрленетiн құжаттың атауы мен белгiсiнен кейiн жұмыстардың мынадай түрлерi көрсетiледi:

«ҚР СТ... әзiрлеу» (жаңа құжаттар үшiн).
«ҚР СТ/Қаз ССК РСТ...орнына» (ҚР СТ немесе ҚазССР РСТ қайта қараған жағдайда).
«ОСТ...орнына» (ОСТ ҚР СТ сатысына аударған жағдайда).
«ҚР СТ... өзгерiс».

4 4. Халықаралық стандарттарды тiкелей қолданған жағдайда жұмыс түрiнен кейiн жақша iшiнде қолданылатын ҚР СТ (ҚР СТ/ИСО..., ҚР СТ/МЭК...) белгiсi көрсетiледi.

5 5. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары мен әзiрлеу үшiн негiздеме (Үкiмет және мемлекеттiк органдардың тапсырмасы, өзектiлiгi, халықаралық стандарттармен үйлестiру және т.б.) көрсетiледi.

Ескертпе: Тапсырма коды (тақырыптар) СМЖ (МЖ (ИСО/ИНФО МКС) 001 - 96); Тапсырма коды (тақырыптар) Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің коды (ИСО/ИНФО МКС) Халықаралық жіктеуіштер.

Қолданыстағы