Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 июля 2010 года № 533 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"

Бұйрық · № 361 · қабылданған 06.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-533/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 июля 2010 года № 533 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 ·06.06.2011
18.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 июля 2010 года № 533 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 июля 2010 года № 533 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
361
Қабылданған күні
06.06.2011
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI59540_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007049
ЭКБ идентификаторы
59540
Редакция идентификаторы
AI59540_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:14

0 "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 тамызда № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жабылған стационарды ашуға санитариялық-эпиемиологиялық тексеру актісін бере отырып, тиісті аумақтағы, көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының келісімі бойынша жол беріледі.»;
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, (пижама, ішке киетін аяқ киім) алады. Стационарда (туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда) науқастардың, жүкті әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің үй киімімен жүруіне жол беріледі.»;
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«142. Құрылымдық бөлімшеге (бөлімшеге) ағымдық жөндеу жүргізу кезеңінде оның жұмыс істеуі тоқтата тұрылады.»;
277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«277. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшелерде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер, әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.»;
278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«278. «Симптоматикалық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилло бөлетін туберкулездың созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилло бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 230-1-тармақпен толықтырылсын:
«230-1. Медициналық ұйымның жауапты адамы осы санитариялық ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналын жүргізеді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналы

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
қосымша
«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
13-қосымша»
____________________________________ 20 ___ жылға арналған
(объектінің атауы)
Медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу
журналы

Ме­ди­ци­на­лық
қал­дық­тар­дың
түр­ле­рі
Ме­ди­ци­на­лық
қал­дық­тар­дың
кө­ле­мі
Ме­ди­ци­на­лық
қал­дық­тар­ды
уа­қыт­ша сақ­тау
үй-жай­ы­на
тап­сы­рыл­ды
Кә­де­ге жа­ра­тыл­ды
Ме­ди­ци­на­лық
қыз­мет­кер­дің
Т.А.Ә.
Тап­сы­ру
кү­ні
1
2
3
4
5
6
1.
Б кла­сы­ның ме­ди­ци­на­лық қал­дық­та­ры
2.
В кла­сы­ның ме­ди­ци­на­лық қал­дық­та­ры
3.
Г кла­сы­ның ме­ди­ци­на­лық қал­дық­та­ры
4.
Д кла­сы­ның ме­ди­ци­на­лық қал­дық­та­ры

Қолданыстағы