О внесении изменений в постановление акимата Бородулихинского района от 23 апреля 2010 года № 656 "О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Бородулихинского района от 23 апреля 2010 года № 656 "О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года"
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 692
- Қабылданған күні
- 17.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2011 AI52756_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VH000114
- ЭКБ идентификаторы
- 52756
- Редакция идентификаторы
- AI52756_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:10
0 Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 656 "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда № 5-8-112 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 22 (22) санында және аудандық «Пульс района» газетінің 14 мамырдағы № 22 (6342) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
5-тармақтың 6-тармақшасындағы «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 14 сәуірде № 3560 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес шақыру учаскесін медициналық құралдармен, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету» деген сөйлем алынып тасталсын.
5-тармақтың 6-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын «Шақыру учаскесін медициналық құралдармен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету».