Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения"

Бұйрық · № 665 · қабылданған 29.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2010-no-907-ekb-107268/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 665 ·29.07.2016
30.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 665 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
665
Қабылданған күні
29.07.2016
Көрсетілген редакция
30.10.2020 107268_493040.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014204
ЭКБ идентификаторы
107268
Редакция идентификаторы
107268_493040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:12

0 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген, «Казахстанская правда» 2011 жылғы 24 ақпанда № 68-69 (26489-26490), 2011 жылғы 26 ақпанда № 72-73 (26493-26494), 2011 жылғы 2 наурызда № 76-77 (26497-26498), 2011 жылғы 5 наурызда № 82-83 (26503-26504), 2011 жылғы 6 наурызда № 84-85 (26505-26506), 2011 жылғы 10 наурызда № 86-87 (26507-26508), 2011 жылғы 15 наурызда № 92-93 (26513-26514), 2011 жылғы 16 наурызда № 94-95 (26515-26516), 2011 жылғы 17 наурызда № 96-97 (26517-26518), 2011 жылғы 29 наурызда № 105-106 (26526-26527), 2011 жылғы 30 наурызда № 107-108 (26528-26529), 2011 жылғы 6 сәуірде № 116 (26537), 2011 жылғы 12 сәуірде № 121-122 (26542-26543), 2011 жылғы 13 сәуірде № 123-124 (26544-26545), 2011 жылғы 14 сәуірде № 125-126 (26546-26547), 2011 жылғы 19 сәуірде № 131-132 (26552-26553), 2011 жылғы 20 сәуірде № 133 (26554), 2011 жылғы 21 сәуірде № 134-135 (26555-26556), 2011 жылғы 23 сәуірде № 138 (26559), 2011 жылғы 26 сәуірде № 139 (26560), 2011 жылғы 30 сәуірде № 144-145 (26565-26566), 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572), 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578), 2011 жылғы 21 мамырда № 163-164 (26584-26585), 2011 жылғы 28 мамырда № 170-171 (26590-26591), 2011 жылғы 4 маусымда № 177-178 (26598-26599), 2011 жылғы 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-қосымшада:
«Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» 088/у нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Жолдама электрондық түрде толтырылады және дәрігер-консультативтік комиссиясы төрағасының және медикалық-әлеуметтік сараптама бөлімі бастығының электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Жолдамаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі».

2

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының (келісім бойынша), ғылыми-зерттеу институттары (келісім бойынша) мен ғылыми орталықтардың (келісім бойынша) басшылары денсаулық сақтау ұйымдарында денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын электрондық түрде жүргізу үшін жауапты адамдарды белгілесін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын жіберуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауын;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы