О внесении дополнения в постановление от 23 декабря 2011 года № 228 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление от 23 декабря 2011 года № 228 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулыға толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 26.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2012 AI64828_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VH000148
- ЭКБ идентификаторы
- 64828
- Редакция идентификаторы
- AI64828_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:46
0 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулыға толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабы негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау үшін, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылдың 13 қаңтарында № 5-8-143 тіркелген, аудандық газеттерде «Аудан тынысы» 2012 жылдың 20 қаңтарында № 7(198), «Пульс района» 2012 жылдың 20 қаңтарында № 7 (6517) жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
қаулыға № 1 қосымшада 1-жолдың 3-бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: «көкөністерді өсіру – 15 га, құстарды өсіру – 500 бас».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекекмелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы № 320
қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекекмелердің
тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері
және нақты шарттары
№
Жұмыс берушінің атауы
Жұмыстардың көлемі
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны)
Ұсыныс (бекітілді, орындар саны)
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
1
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер
Үй–үйді аралау, әр шаруашылық бойынша кiтаптарды толтыру, көшелерді жинау, саябақтарды, скверлерді, малдарды ветеринарлық залалсыздандыру, пошта тасу, үй–жайларды жөндеу, құжаттарды ресімдеуге көмек, көкөністерді өсіру – 15 га, құстарды өсіру – 500 бас.
286
286
жергілікті бюджет
Аудан әкімі аппаратының басшысы
С. Лазурин