О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 23 декабря 2011 года № С-40/15 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 23 декабря 2011 года № С-40/15 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С 40/15 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-2/3
- Қабылданған күні
- 27.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2012 64915_190654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BS000227
- ЭКБ идентификаторы
- 64915
- Редакция идентификаторы
- 64915_190654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:43
0 Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С 40/15 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Бурабай аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-217 тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда аудандық «Бурабай» газетінде, 2012 жылғы 9 ақпанда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 6 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бурабай аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер негізінде Жеңіс күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 15000 (он бес мың) теңге;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 5000 (бес мың) теңге;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген басқа тұлғалар санаттарына – 3000 (үш мың) теңге;
1, 4, 7 тармақшалар алып тасталсын.
2 2. Бурабай аудандық мәслихаттың аталған шешімінің қосымшасындағы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімінің 1 және 4 тармақтары алып тасталсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев