О внесений изменения в совместное постановление акимата Атырауской области от 23 января 2012 года № 10а и решение Атырауского областного маслихата от 25 января 2012 года № 11-V «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки, за исключением земельных участков сельскохозяйственного назначения при их предоставлении в частную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменения в совместное постановление акимата Атырауской области от 23 января 2012 года № 10а и решение Атырауского областного маслихата от 25 января 2012 года № 11-V «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки, за исключением земельных участков сельскохозяйственного назначения при их предоставлении в частную собственность»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 394-VI
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2019 137707_435197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19T0004560
- ЭКБ идентификаторы
- 137707
- Редакция идентификаторы
- 137707_435197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4087 болып тіркелген) негізінде Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXХVII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2609 болып тіркелген, 2012 жылы 28 ақпанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларында:
реттік нөмірі 2-жол осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары
2
Құрманғазы ауылы
375