Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1479 "Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирн

Қаулы · № 1170 · қабылданған 04.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2012-no-1479/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1479 "Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирн Күшін жойған Қаулы ·№ 1170 ·04.11.2014
20.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1479 "Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирн

Күшін жойған Қаулы ·№ 1170 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1479 "Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирн
Атауы (қаз.)
"Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлей үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Респу
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1170
Қабылданған күні
04.11.2014
Көрсетілген редакция
20.06.2016 AI84097_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001170
ЭКБ идентификаторы
84097
Редакция идентификаторы
AI84097_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:05

0

"Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлей үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1189-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларында:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
19-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
20-тармақтың 1) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19 (сондай-ақ, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген асыл тастарды қоспағанда, өңделмеген асыл тастардың экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы), 20 (сондай-ақ, асыл тастардың (гауһардан басқа) экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы, уәкілетті органның сараптамалық комиссиясының хаттамасының болуы (өзінің сипаттамалары бойынша бірегей санатқа жатқызылуы мүмкін сатып алынған өңделмеген асыл тастарда немесе дайын өнімде асыл тастар болған жағдайда) және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін тексереді, тексеруден кейін асыл тастар үшін Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі - акт) ресімдейді.»;
екінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын;
24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларында:
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы