Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции»

Қаулы · № 96 · қабылданған 22.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2012-no-1484-ekb-99345/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции» Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·22.02.2016
15.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции»

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции»
Атауы (қаз.)
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
22.02.2016
Көрсетілген редакция
15.11.2020 99345_490764.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000096
ЭКБ идентификаторы
99345
Редакция идентификаторы
99345_490764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:23

0 «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) − 6), 8) − 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы жіберіледі.
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектілері ұсынатын ақпарат операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері, XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы немесе қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Қаржы мониторингі субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен жіберген жағдайда, уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады.
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсiлмен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорда тіркелген материалдарға жүргізіліп жатқан талдау шеңберінде қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері сұратылған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабының 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 3 − 5-тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Заңның 10-бабының 3-1-тармағы үшінші бөлігінің негізінде жіберілген сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған уәкілетті органның электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салу мерзімін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтініш жібереді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
реттік нөмірі 1.5-жолда;
3-бағанда:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4.5-тармақшамен толықтырылсын:
«4.5. Әлеуметтік төлемдер мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер»;
5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктемеде:
«ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер» деген 1-бөлімде:
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күдікті операция» - мынадай:
қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған;
клиент қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған операцияны жасауға ұмтылыс жасаған;
қаржы мониторингі субъектісі Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тартқан, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға қаржы мониторингі субъектісіне № 8012 күдікті операцияны айқындау белгісінің коды көрсетіле отырып, Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен жалақы алу бойынша операцияны жүзеге асыру үшін өтініш жасаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның банктік шотына
№ 8013 күдікті операцияны айқындау белгісінің коды көрсетіле отырып, ақша есепке жатқызылған жағдайда көрсетіледі.
№ 8001-8011 күдікті операцияларды айқындау белгілерінің кодтары көрсетілген жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелер толтыруға міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте
4.2-деректемеде «2. Болып табылады» деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13, жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.»;
жиырмасыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«4.5. Әлеуметтік төлемдер мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер» – терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға Заңның 12-бабы 8-тармағының
2) тармақшасында көзделген зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде қаражат төленген және салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу жүзеге асырылған жағдайда көрсетіледі.»;
жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтар алып тасталсын;
«Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат» деген
3-бөлімдегі үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«0511, 0521, 0911, 1311, 1321, 1411, 1421, 1431-кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда, клиентке қолма-қол ақша берілген не клиенттен қолма-қол ақша қабылданған жағдайда 0530, 0540-кодтар көрсетіледі.
0623, 0633-кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда «Операцияға қатысушының банкі» деген 4.7-деректеменің «Банктің/филиалдың орналасқан елі» деген 4-тармағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.
0623, 0633-кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда, клиент оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар тұлғалардың санатымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаған жағдайда 0640-код көрсетіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
«
071
Мынадай:
жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару;
компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру;
заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайдағы адвокаттар
072
Мынадай:
жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару;
компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру;
заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайда заңды мәселелер жөніндегі тәуелсіз мамандар
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
071
Клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша мынадай қызметке қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысқан жағдайда адвокаттар:
жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқару;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтау;
заңды тұлғаларды құру, сатып алу-сату, олардың жұмыс істеуі немесе оларды басқару
072
Клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша мынадай қызметке қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысқан жағдайда заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар:
жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқару;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтау;
заңды тұлғаларды құру, сатып алу-сату, олардың жұмыс істеуі немесе оларды басқару
»;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
130
Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
140
Ломбардтар
150
Бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
160
Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
170
Төлемдер қабылдау бойынша операторлар
»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
«
0221
Клиентке айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0221
Клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы
»;
мына:
«
0311
Бiржолғы операция ретiнде чек бойынша ақша алу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0311
Чек бойынша ақша алу
»;
мына:
«
0312
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде чек бойынша ақша алу
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0321
Бiржолғы операция ретiнде вексель бойынша ақша алу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0321
Вексель бойынша ақша алу
»;
мына:
«
0322
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде вексель бойынша ақша алу
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0511
Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотынан алу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0511
Клиенттiң банктік шотынан ақшаны алу
»;
мына:
«
0512
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотынан алу
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0521
Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотына салу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0521
Клиенттiң банктік шотына ақшаны есепке жатқызу
»;
мына:
«
0522
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотына салу
»
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
0530
Клиентке қолма-қол ақша беру
0540
Клиенттен қолма-қол ақша қабылдау
»;
мына:
«
0623
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0623
Оффшорлық аймақта тиісті түрде тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк шотына есепке жатқызуы немесе аударуы
»;
мына:
«
0624
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0633
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0633
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақшаны есепке жатқызуы немесе аударуы
»;
мына:
«
0634
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы
»
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
0640
Клиенттің оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары
»;
мына:
«
0711
Бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақша аудару
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0711
Анонимді иеленушiге арнап ашылған шетелдегi шоттарға (салымдарға) ақша аудару
»;
мына:
«
0712
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде жасалған жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақша аудару
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0721
Бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаның түсуi
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0721
Анонимді иеленушiге арнап ашылған шетелдегi шоттан (салымнан) ақшаның түсуi
»;
мына:
«
0722
Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде жасалған жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаның түсуi
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
1711
Бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатып алу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1711
Клиенттің бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатып алуы
»;
мына:
«
1721
Бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сату
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1721
Клиенттің бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатуы
»;
мына:
«
1731
Бағалы металдармен, асыл тастармен және (немесе) олардан жасалған бұйымдармен өзге де операциялар
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
1911
Бағалы қағаздармен мәмілелер
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1911
Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер
»;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
2020
Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер
2110
Ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау
6010
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның жалақы түрінде ақша алу
6020
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде ақша алуы
6030
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша төлемдері мен аударымдары
6040
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызу
»;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу»;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салуға жауап»;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама»;
көрсетілген Қағидалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияны айқындау белгілерінде:
«1. Жалпы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24-1, 24-2, 24-3 24-4, 24-5, 24-6, 24-7, 24-8, 24-9, 24-10, 24-11-жолдармен толықтырылсын:
«
24-1
8001
Қаржы мониторингі субъектісінде операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған деген күдік туындататын күдікті операцияны жасау әрекеті
24-2
8002
Қаржы мониторингі субъектісінде операция терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындататын күдікті операцияны жасау әрекеті
24-3
8003
Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту
24-4
8004
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту
24-5
8005
Терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту
24-6
8006
Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда операция жүргізуден бас тарту
24-7
8007
Қаржы мониторингі субъектісінде операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталуы мүмкін деген күдік туындататын операцияны жүргізуден бас тарту
24-8
8008
Қаржы мониторингі субъектісінде операция терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталуы мүмкін деген күдік туындататын операцияны жүргізуден бас тарту
24-9
8009
Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату
24-10
8010
Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату
24-11
8011
Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату
»;
«3. Банктік қызмет көрсету кезінде» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2, 62-3-жолдармен толықтырылсын:
«
62-1
3006
Жынысына қарамастан, діншілдігінің сыртқы белгілері бар ақша қаражатын жіберушінің кіріс көздерін анықтау рәсімін өтуден бас тартуы
62-2
8012
Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалақы алу операциясын жүзеге асыру үшін терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші
62-3
8013
Заңның 13-бабы 1-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызу
»;
«9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде
90.
1038
Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі
91.
9001
Лизинг алушының тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаның лизингтік төлемдерді тұрақты түрде төлеуі
92.
9002
Лизинг нысанасын сатушы және лизинг алушы (сублизинг алушы) сол бір адам болып табылса, мүлікті лизинг (сублизинг) шарты бойынша алу немесе беру
93.
9003
Лизинг шарты жасалғаннан кейін оны қысқа уақыт ішінде айқын негізсіз мерзімінен бұрын бұзу
»;
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 және 13-бөлімдермен толықтырылсын:
«
10. Ломбард қызметін жүзеге асыру кезінде
94.
9004
Кейін кері сатып алмай зергерлік бұйымдарды кепілге қою арқылы көп мәрте (жылына үш немесе одан да көп рет) қарыз алу
95.
9005
Сынамалау таңбаларының бедерлері жоқ бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды кепілге немесе арзан сатуға қою
96.
9006
Көлік құралын сенімхат бойынша ломбардқа кепілге қою
11. Бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды арзан сатып алуды, сатып алуды-сатуды жүзеге асыру кезінде
97.
9007
Жеке тұлғаның бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (бір тұрпатты бұйымдар) және (немесе) сертификатталған асыл тастардан жасалған бірнеше зергерлік немесе басқа тұрмыстық бұйымды жүйелі түрде сатып алуы
98.
9008
Клиенттің тапсырмасы бойынша өткізілген бағалы металдар, асыл тастар және осындай бұйымдардың сынықтары үшін ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аудару
99.
9009
Клиенттің тапсырмасы бойынша өткізілген зергерлік бұйымдар үшін ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аудару
100.
9010
Бедерлеу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын өндіруші заңды тұлғаның асыл тастарды, алмас шикізатын және бастапқы (өңделмеген) түрдегі асыл тастарды сатып алуы
101.
9011
Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін бедерленген асыл тастарды (гауһарды қоспағанда) сатып алуы
102.
9012
Бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған зергерлік бұйымдарды ағымдағы нарықтық бағалардан айтарлықтай ауытқуышылығы бар бағалар бойынша сату
12. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде
103.
9013
Клиенттің ауыртпалық салынған (ипотеканы қоспағанда) жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау ұсынысы немесе әрекеті
104.
9014
Жылжымайтын мүлікпен нарықтық құнынан айтарлықтай ауытқушылығы бар баға бойынша мәміле жасау
105.
9015
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік объектілерін көп мәрте (үш немесе одан да көп рет) сатып алуы және (немесе) сатуы
106.
9016
Жеке кәсіпкерлік субъектісі сатып алушы ретінде әрекет ететін мемлекеттік меншік болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру
13. Төлемдерді қабылдау бойынша оператордың қызметін жүзеге асыру кезінде
107.
9017
Бұрын аударылған ақша қаражатын «Қате аударылған сомаларды қайтару» негіздемесі бойынша қайтару туралы төлем субагентінің талабы
108.
9018
Төлем субагентінен түскен ақша қаражаты көлемінің сипатсыз ұлғаюы
109.
9019
Қызметі клиенттерге қымбат тұратын қызметтер көрсетуді көздемесе де, көрсетілетін қызметті берушіге төленетін төлемдердің қомақты көлемі
110.
9020
Өнім беруші кызметінің сипатымен негізделмесе де, көрсетілетін қызметтерді берушіге тұрақты төлемдер
111.
9021
Көрсетілетін қызметтерді берушінің қызметі клиенттерге мәлімделген қызметтерді көрсету қабілеттілігіне күмән туғызады
».

2 2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін

1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, бір жүз тоқсан екінші, бір жүз тоқсан үшінші, бір жүз тоқсан төртінші, бір жүз тоқсан бесінші, бір жүз тоқсан алтыншы, бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші, бір жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші, екі жүз төртінші, екі жүз бесінші, екі жүз алтыншы, екі жүз жетінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ 96 қаулысына
қосымша
Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру
жөнінде сұрау салу мерзімін ұзарту туралы
өтініш
________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
________________________ көрсетілген қажетті ақпаратты, мәліметтер мен
(уәкілетті орган)
құжаттарды беру жөніндегі №________ сұрау салуда көрсетілген мерзімді _____ жұмыс күніне
дейін ұзарту туралы өтініш береді.
________________________________ _________________ ____________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы)
жауапты адамының Т.А.Ә.)

Қолданыстағы