О внесении изменений в постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 23 августа 2012 года № 238 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 23 августа 2012 года № 238 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358
- Қабылданған күні
- 27.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2014 69632_217756.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SN002038
- ЭКБ идентификаторы
- 69632
- Редакция идентификаторы
- 69632_217756
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:45
0 "Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 23 тамыздағы № 238 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тіркелімінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте № 1872 тіркелген, 2012 жылғы 5 қазандағы № 41 «Парыз», 2012 жылғы 5 қазандағы № 41 «Новатор» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта 1), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық қызметтер регламенттерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі аппаратының басшысы Медет Дулатұлы Оспановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев
2012 жылғы 27 қараша