О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 23 июля 2012 года № 356 "Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы проектов строительства в режиме экспертного сопровождения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 23 июля 2012 года № 356 "Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы проектов строительства в режиме экспертного сопровождения"
- Атауы (қаз.)
- "Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 110/ОД
- Қабылданған күні
- 14.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2016 AI80163_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009433
- ЭКБ идентификаторы
- 80163
- Редакция идентификаторы
- AI80163_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:05
0 "Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 7866 болып енгізілген, 2012 жылғы 3 қазандағы № 336-337 (27155-27156) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізудің жалпы тәртібі тапсырысшының нақты объектіні кезең-кезеңмен жобалау және салу туралы ресми ресімделген шешімі болған кезде тапсырысшының сараптаманы орындаушымен жасасқан шартының негізінде жүзеге асырылады.».
2 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай):
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.