Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 38/7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу"

Ереже · № 202/29 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2012-no-387/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 38/7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу" Күшін жойған Ереже ·№ 202/29 ·27.03.2014
17.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 38/7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу"

Күшін жойған Ереже ·№ 202/29 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 38/7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу"
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 38/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
202/29
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
17.03.2017 79131_237366.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PB003768
ЭКБ идентификаторы
79131
Редакция идентификаторы
79131_237366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:21

0 Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 38/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 38/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-2-205 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің № 27 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:

2 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

2 "2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3 3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.";

4 4) тармақша алынып тасталсын;

5 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

5 "5. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үйдің меншік иесінің жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы құрамы азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы бойынша анықталады.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде келесі нормативтік алаңы есепке алынады:
жалғыз тұратын азаматтарға - 33 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы алаңы), бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кем емес;
құрамында екі адамы бар отбасына - 40 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
құрамында үш және одан да көп адамы бар отбасыларға - әр адамға 18 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес.";

7 7-тармақ алынып тасталсын;

8-тармақтағы "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
"7" саны "3" санына, "55" сандары "61" сандарына, "50" сандары "56" сандарына, "жұмыс істемейтін 3-топтағы мүгедектерді" деген сөздер "жұмыс істемейтін 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасы "кітабының көшірмесі" деген сөздерден кейін "не мекенжай анықтамасы;" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы