О внесении изменения в постановление акимата от 23 февраля 2012 года № 397 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 23 февраля 2012 года № 397 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2198
- Қабылданған күні
- 12.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2012 68581_135995.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NA003888
- ЭКБ идентификаторы
- 68581
- Редакция идентификаторы
- 68581_135995
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:09
0 Әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-184 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 наурызда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
әкімдіктің көрсетілген қаулысымен бекітілген, 2012 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларында:
реттік нөмірі 10-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
10
"Тазалық-
2012" жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
Алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін қала
аумағын абаттандыруға
көмек
31680
Қазақстан
Республикасының
еңбек заңнамасында көзделген
шектеулерді
ескере отырып,
екі демалыс
күні, бір
сағаттан кем
емес түскі ас
үзілісі бар
қоғамдық
жұмыстардың бір
қатысушысының
жұмыс аптасының
ұзақтығы -
аптасына қырық
сағаттан
аспайды
".
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р. Х. Каркеновқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы
әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ В. Константинов